astana-view

Бизнесмендер заңдарды өзгертуді сұрайды

2015 жылғы 23 Ақпан
3141 просмотров

Отандық бизнесмендер Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жүгіну барысында осындай ұсыныс жасады.

2015 жылғы ақпанның 16-20 аралығында www.palata.kz сайты арқылы кәсіпкерлерден, соның ішінде өңірлерден де, 86 өтініш келіп түскен, оның ішінде 30 өтініш – бизнесті қорғау мәселелері бойынша.

Кәсіпкерлер мемлекеттік сатып алулар, банк және қаржы секторлары, кәсіпорындарды мемлекеттік қолдау, қаржыландыру, құрылыс, қала құрылысы және сәулет, сот жүйесі, салық салу, БЖК-2020 және т.б. қатысты сауалдарды қояды.

ӨТІНІШТЕРДІҢ НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫПТЫҚ БАҒЫТЫ

Бір айта кететіні, өткен аптада келіп түскен өтініштердің жалпы санынан ҚР заңнамасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша жасалған сұраулар негізгі толғандырған мәселе болып отыр (10).

Сонымен, Солтүстік Қазақстан облысы «ҚазТехМаш» Машина жасау зауыты» ЖШС коммуналдық, ауыл шаруашылық және тасымалдау техникасы өндірісін ұйымдастыру жобасына түзетулер енгізілу жағына қызығушылық танытты. «Эйр Астана» АҚ икемді тарифтік саясат мәселесіне толғануда. Қазақстандық туристік қауымдастық туристік қызмет туралы заң төңірегінде жүгінсе, ал Қазақстанның Кондитерлер қауымдастығынан Салық кодексіне жасалатын өзгертулерге қатысты сауал келіп, «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ Ұлттық қордан бөлінетін қаражатты жұмсауды бақылау жөніндегі Комиссия отырысының хаттамасына қызығушылық танытты. Алматы Халықаралық порты авиациялық қауіпсіздік қызметі мамандарын, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның лауазымды тұлғаларын даярлау және қайта даярлау бағдарламасына қатысты мәселелерді көтерді.

Келіп түскен жүгінімдерге жасалған сандық талдау өтініштерді қарау тәртібінің бекітілгеніне қарамастан, аралық қарау мерзімінің бұзылатындығын көрсетіп отыр (орындаушылар 10 жұмыс күні ішінде өтініштер бойынша мемлекеттік органдарға сұраулар мен өтініш иесіне аралық хабарлама жолдауға тиіс).

Қарлығаш Жүсіпбекова


Еншілес ұйымдар

Серіктестер