astana-view

Көкшетаулық алкоголь өндірушілер бағаны 10% түсіруі мүмкін

2015 жылғы 25 Ақпан
- Ақмола облысы
10408 просмотров

Мұндай қадам отандық арақ-шарап өнімдерін өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін көтеру үшін қажет. Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының алаңында сала түйткілдері талқыға түсті.

Пікірталасқа 20-ға жуық сауда желісіне қатысушылар, ірі өндірушілер мен алкоголь өнімдері дистрибьютерлері, мемлекеттік органдар өкілдері қатысты. Талқылау барысында мемлекеттік табыс департаментінің өкілі Айбек Мұхаметқалиев өткізушілер үшін бағаны 10 % төмендетуді ұсынды. Бұл ұсынысты сауда қатынастарына қатысушылар қолдады.

Экономикадағы алкоголь секторының негізгі проблемасы контрафактілі өнім болып қала береді. Қолда бар деректер бойынша, еліміздегі алкогольдің «сұрқай нарығының» орны 30 %-ға жеткен. Көбіне көп, бұл нарықтың адал қатысушыларының табысты жеткілікті көлемде алмауынан және жергілікті бюджетке акциз түріндегі төлемдердің болмауынан. Егер әрбір бірліктен шамамен 240 теңге болатын акциздік алым көлемін ескерер болсақ, жалпы әсерлі сома шығары анық. Бұл түйткілдер қатарына тұтынушылар денсаулығына келетін зиянды да қосуға болады, өйткені көбінесе ресми емес нарықта сапасыз алкоголь өнімдері толып жүр.

Айбек Мұхаметқалиевтің айтуынша, бүгінде елімізде контрафактілі алкогольді сатқаны үшін жазалау шаралары күшейтіліп отыр. Мемлекеттік табыс департаментінде арнайы бөлме де бар, жасанды тауар қолына түскен алкоголь сатушы осы жерге жүгініп, аталмыш дерек жайлы мәлімдей алады. Сонымен қатар, ӨКП директорының орынбасары Руслан Молдағайыпов мәлім еткендей, өңірлік Палата сарапшылары бақылау органдарымен жасалған келісімдер аясында контрафактіні анықтау жөнінде жоспарланып отырған рейдтерге қатысатын болады.  

Пікірталас барысында қатысушылар алкоголь өнімдері нарығында бәсекелестікті дамыту, сауда қызметін реттеу түйткілдерін ортаға салды. алкоголь өнімін бөлшек сату саласымен байланысты мәселелер де сарапшылар назарынан тыс қалмады.

Бұдан арғы жарыссөздер барысында кездесуге қатысушылар жоғары бәсекеге қабілеттілік пен тартымдылықты қамтамасыз ету мақсатында алкоголь өнімдерін өткізушілердің осыған ұқсас, импорттық өнім үлесін азайту есебінен отандық өнім көлемі мен сұрыпталымын арттырғаны дұрыс деген тоқтамға келді.

Сонымен қатар, дистрибьюторларға «Қазақстанда жасалған» жалпыұлттық науқаны аясында сауда нысандарының сөрелерінде қазақстандық өнімді ерекше көрсету ұсынылды. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша сәйкес қарар қабылданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер