astana-view

Қазақстанда Ұлттық біліктілік үлгісі жасалмақшы

2015 жылғы 25 Ақпан
3448 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстанда дуалды білім беруді дамыту мәселелері бойынша өткен брифингте сөйлеген сөзінде осы мәселе жайында хабарлады.

Оның айтуынша, Ұлттық палата кеше Астанада өткен білім беру сапасы және интернационалдандыру мәселелері жөніндегі халықаралық форумда осындай ұсыныс енгізді. Нұржан Әлтаев отандық жоғары оқу орындары мен колледждердің Типтік үлгісі, сонымен қатар білім беру ұйымдары қызметінің жариялылығы мен ашықтығын көтеру үшін Қоғамдық кеңес құрылатынын айта кетті. Сонымен бірге, ҰКП өкілдерін және жұмыс берушілерді де оқу орындарының біліктілік, аттестациялық және басқа да талаптарына сәйкестігін дайындау және бақылау жөніндегі түрлі комиссиялар құрамына кіргізу ұсынылды.

«Біз басқа елдерден ерек өзімізше білім беру үлгісін жүргізе алмаймыз, ал, менің ойымша, ЕАЭО, ДСҰ-ға кірген соң білікті кадрлардың қайта ағылуы орын алу ықтималдығы бар болғандықтан, жаһандану дәуірінде халықаралық даярлық жүйесіне кірігуіміз керек. Осыған орай біз Қазақстанда ғана емес, шетелде де, сонымен қатар шетелдік инвестициялар көмегімен құрылатын кәсіпорындарда талап етілетін кадрларды даярлауға тиіспіз», - деді Нұржан Әлтаев.

ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары сонымен қатар адами капиталды дамытудың бар маңызын бұрынғыдан да жақсы түсініп отырғанын атап өтті. «Біз ЕАЭО-ға кірдік, ДСҰ табалдырығында тұрмыз. Жаһандану дәуірінде бизнес біздің өндірістеріміздің бәсекеге қабілеттілігін дамытуға септесетін ең үлкен фактор адамдар болатынын түсінеді», - деді Нұржан Әлтаев.

Оның айтуынша, білім және ғылым министрлігі мен денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі арасында былтыр қол қойылған келісім қорытындысы бойынша елімізде Дуалды оқытудың жол картасы жүзеге асырылуда. «Тек қана Ұлттық палатаға кәсіпорындардан 13 мыңнан астам маманды даярлауға тапсырыстар келіп түскен», - деп хабарлады ҰКП басшысының орынбасары.

Қарлығаш Жүсіпбекова


Еншілес ұйымдар

Серіктестер