astana-view

Білім беруге халықаралық элементтерді енгізу қажет

2015 жылғы 24 Ақпан
4255 просмотров

Білім беру сапасын қалай көтеруге болады? Интернационалдандыру дегеніміз не және оны қалай жүзеге асыруға болады? Бүгінде халықаралық білім беру кеңістігіне интеграция қажеттілігі неліктен туындап отыр?

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Study Inn» білім беру холдингімен және «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ бірлесіп ұйымдастырған «Білім беру сапасы және интернационалдандыру: процестер мен нәтижелер, халықаралық тәжірибе» халықаралық форумында осы және басқа да мәселелер талқыланды.

Форум жұмысына шетелдік университеттердің 20-дан астам өкілі мен 30 қазақстандық жоғары оқу орны қатысты. Қатысушылар қатарынан сонымен қатар Британ Кеңесі, АҚШ-та Білім беру, Канада білім беру консулдығы, Түркия елшілігі, Франция Кампусы, Халықаралық неміс ұйымы табылды.

Бұл тақырыпты талқылауға Қазақстан компанияларының өкілдері, ҚР ҰКП, «Нұр Отан», мемлекеттік органдар өкілдері, жоғары  оқу орындарының ректорлары, Қазақстанның жоғары оқу орындарын интернационалдандыру жөніндегі халықаралық сарапшылар қатысты.

Форумға қатысушылар орта, жоғары буын кадрларын даярлаудың ағымдағы жай-күйімен танысты, ғылым, білім және инновациялық технологиялар саласындағы жетекші әлемдік және қазақстандық білім беру мекемелерімен әріптестік қатынастарды нығайтып, өзара тиімді серіктестік жолдарын жасақтады. 

ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев атап өткендей, бұл кәсіптік білім беру жүйесіне, Қазақстан колледждері мен жоғары оқу орындарына дуалды оқытуды енгізу жолдардың бірі болып табылады.

«Дуалды оқыту бойынша шетелдік жоғары оқу орындарымен, колледждерімен қаншалықты тығыз әрі жиі жұмыс жасайтын болсақ, Қазақстанның өзі үшін әлемдік білім беру кеңістігінде танылған білімдер мен дағдыларға ие кадрлар өсіруіне мүмкіндік көп болады», - деп атады ол.  
ҚР білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев те дуалды оқыту моделін бұдан әрі де енгізе беру қажет деп есептейді, себебі, білім деңгейінің жоғары болуына қарамастан, қазақстандық оқушылар оны тәжірибеде қолданбайды.

"Мұндай қажеттіліктің туындағанына да біраз болды. Мұны 15 жасар оқушылар қатысатын білімнің аралық қорытындысы нәтижелері растайды. Біздің оқушыларымыз физика, математика, химия, биология пәндері бойынша өз қабілеттерін көрсетеді, алайда сонымен бірге төмен көрсеткіштерге ғана қол жеткізеді. Бұл стандарттарды өзгертіп, тәжірибеге бағдарлану қажеттігінен хабар береді. Бастауыш мектепте жоба түрінде «Ғылымға кіріспе» пәнін енгізуді жоспарлап отырмыз», – деп атап өтті БҒМ басшысының орынбасары.

Сонымен қатар, жыл сайынғы «Шетелде білім алу» көрмесін ұйымдастырушы А2 компаниясы StudyInn және ҰКП-мен бірге көрмені өткізу формасын қайта қарап, ендігін жерде «Халықаралық білім және мансап» ретінде өткізуді жоспарлап отыр. Көрменің жаңаша форматы КжТББ-да да, Қазақстанның жоғары оқу орындарында да мансап жолы мен дуалды оқытуды дамытудың жаңа бастамасын білдіреді.


 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер