astana-view

Агроөнеркәсіп кешені үстеме қаржыландыруға мұқтаж

2015 жылғы 24 Ақпан
3481 просмотров

2014-2015 жылдарыдағы АӨК жеткіліксіз қаржыландырылу көлемі жылына 100 млрд. теңгеден асып отыр, бұл «Агробизнес-2020» бағдарламасында көзделген қаражаттан шамамен 33-37% құрайды. ҰКП АӨК комитеті хатшылығының орынбасары Мырзахмет Өксікбаев ОКҚ-да өткен брифингте осындай ақпарат айтты. 

Оның айтуынша, мемлекеттік қолдаудың барлық хабарланған құралдары – пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, инвестициялық субсидиялар, қарыздарды сақтандыру және кепілдендіру, шикізатты сатып алуға қайта өңдеу кәсіпорындары шығындарын субсидиялау, сондай-ақ мал шаруашылығын дамытуға арналған субсидиялар. 

«ҚР Қаржы министрлігінің АШМ-дан өтінімдерді қабылдамауына негізгі себеп ретінде мемлекеттік қолдау шаралары қажеттігін растайтын құжаттарды ұсынуға аса көтеріңкі талаптар қойылуы болып табылады, сонымен қоса тізбесі бюджеттік заңнамада көзделмеген құжаттар мен формалар талап етіледі. Сонымен, мысалы, инвестициялық субсидиялар бойынша ҚР ҚМ инвестициялар сомасын көрсетумен, болашақта жүзеге асырылатын инвестициялық жобалардың егжей-тегжейлі тізімін талап еткен. Өсімдік шаруашылығын субсидиялау бойынша себеп ретінде ауыл шаруашылық тауар өндірушілер өтінімі негізінде құралатын жергілікті атқару органдары тарапынан өтінімдердің жоқтығы аталып отыр», - деп түсіндірді Мырзахмет Өксікбаев.

ҰКП АӨК комитеті хатшылығы басшысы орынбасарының ойынша, ЕАЭО-да, болашақта ДСҰ-да бәсекеге қабілетті болу үшін, ішкі өндірісті өсіру қажет, шаруашылықты ірілендіріп, жабдықтарды жетілдіру және жаңа инновациялық технологияларды енгізу қажет. 

«Ол үшін жұмыс жасайтын заңдар мен анық көрсеткіштер, барлық мүдделі тараптардың жұмылдырылуы, кооперациялар үшін ынталандыру шараларын енгізу және жеке меншік құқығының қорғалуы қажет, - дейді Мырзахмет Өксікбаев. – Елбасының сәйкес тапсырмасынан кейін АӨК саласын дамыту бойынша қажет шаралардың барлығы қолдау тауып, қабылданады деп сенеді. Сонымен қатар, АӨК саласын қолдауға көзделген қаражат толық көлемде бөлінетін болады».

Қарлығаш Жүсіпбекова


Еншілес ұйымдар

Серіктестер