astana-view

«Аграрлық өнеркәсіп кешені жол картасы» аграрийлердің түйткілдерін шешеді

2015 жылғы 24 Ақпан
4996 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы үкіметке «АӨК Жол картасы» жобасын енгізді. Жол картасына ауыл шаруашылық өндірушілерінің жүйелік сипатқа ие түйткілді мәселелері енгізілген. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҰКП агроөнеркәсіп кешені комитеті хатшылығының орынбасары Мырзахмет Өксікбаев хабарлады.

Оның айтуынша, «АӨК Жол картасы» ауыл шаруашылық саласында бизнес жүргізу үшін, импортты алмастыру үшін, аграрлық секторда өндірістің артуын ынталандыру үшін, заңнамалық нормаларды жақсартуға бағытталған іс-шаралар кешенін пысықтауды көздейді. Бұл өз кезегінде өндіріс көлемінің өсуін тартып, елдегі бизнес-ахуалды жақсартады. «Жол картасы» АӨК комитеті хатшылығының атына мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын кәсіпкерлерден келіп түскен барлық жүйелік мәселелер жинағы болып табылады», - деп түсіндірді Мырзахмет Өксікбаев.

ҰКП АӨК комитеті хатшылығы басшысының орынбасары атап өткендей, «Жол картасы» субсидиялауды жетілдіру және оның тиімділігін көтеру жолымен агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің негізгі даму бағыттарын жасап шығуға көмектеседі. 

«Соның ішінде, біз 2007 жылдан бері енгізілген ретроспективтік инвестициялық жобаларды субсидиялауды жүзеге асыруды ұсынып отырмыз. Әрекет етуші кәсіпорындарға жасалған талдау жобалық қуаттылықтарды жүктеудегі жүйлік түйткілдерді көрсетіп отыр. Сонымен, жүктеудің орташа деңгейі 50%-дан аспайды. Кәсіпорындардың көпшілігі кредитте, осының салдарынан бағадағы бәсекеге қабілеттілік түйткіліне ұшырап отыр. Осылайша, инвестициялық субсидияларды 2007 жылдан бастап пайдалануға енгізілген әрекеттегі инвестициялық жобаларға тарату қажет», - деп түсінік беріп кетті Мырзахмет Өксікбаев.

Ұлттық палата сонымен қатар өсімдік шаруашылығындағы демеуқаржы түрлерін біріктіру жолымен субсидиялау меанизмін жетілдіруді, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру кезінде субсидия алу процедураларын жеңілдетуді ұсынады. 

«Қазірде өсімдік шаруашылығы саласында субсидияның 13 түрі бар, оларды біріктіру құжаттар тізбесін қысқарту жолымен әкімшілік етуді жеңілдетуге, сондай-ақ субсидия беру процедурасын жеңілдетуге әрі қарау мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік береді», - деп хабарлады ҰКП өкілі.

Мырзахмет Өксікбаевтың айтуынша, сонымен қатар ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің субсидиялауға өтінімдер беру және қарау процедураларын автоматтандыру ұсынылуда, АӨК саласындағы басқа да жүйелік түйткілді мәселелер шешімін табады.

Сонымен қатар, ҰКП АӨК комитеті хатшылығының орынбасары хабарлағандай, «Жол картасы» аясында «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» бағдарламасына қатысушы бизнес-жобаларды қолдау шараларын жетілдіру, жеке қосалқы шаруашылықты заңды түрде жүргізу үшін заңнамалық база жасақтау, ауылда кадрлардың бекуі үшін тұрғын үй тұрғызу және басқа да іс-шаралар көзделуде. 

Қарлығаш Жүсіпбекова

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер