astana-view

ЕАЭО Кеден кодексі жобасындағы тауарлар жіктелуі сауалдар тудырады

2015 жылғы 27 Ақпан
4406 просмотров

26 ақпанда Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексі Шарты жобасының ережелерін талқылау жөніндегі іс-шаралар топтамасының жалғасы ретінде «ЕАЭО Кеден кодексі: бизнестің шоғырландырылған ұсыныстары» тақырыбында «Алматы – Астана – Мәскеу» бейнеконференциясы тәртібіндегі дөңгелек үстел отырысы өтті.

Дөңгелек үстелге Алматы Бизнес-қоғамдастығы, Еуразиялық экономикалық комиссия Кедендік заңнама және құқық қолдану тәжірибесі департаменті, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Кедендің әкімшілік ету департаменті мен Мәскеудегі ЕЭК өкілдігі өкілдері қатысты.

Бұл іс-шара Алматы қаласының бизнес-қоғамдастығы өкілдерінің бастамасы мен белсенді ұстанымдарының арқасында өтті және 2015 жылғы 11-13 ақпанда Астанада ҰКП алаңында өткен дөңгелек үстелде басталған пікірталастың қисынды жалғасы болды. Алматы бизнес-қоғамдастығы өкілдері дөңгелек үстел жобасының жұмысы кезінде кәсіпкерлер үшін ең түйткілді әрі өзекті мәселелерді көтеріп, талқылады.

Сөйтіп, «DHL International Kazakhstan» компаниясының кедендік әкімшілеу мәселелері жөніндегі менеджері Мұрат Молдашев экспресс-жүктерді кедендік декларациялау, оларды кедендік бақылау, оларға қатысты кедендік төлемдерді төлеу, ЕАЭО КК туралы Шарт жобасының 106, 203 баптарында реттемеленетін экспресс-жүктер кедендік құнының көлемін анықтаудың жеңілдетілген тәртібін бұдан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстарын жеткізіп, енгізді.

Қазақстандық кеден брокерлері қауымдастығы кеңесінің төрағасы Геннадий Шестаков тауарларды жіктеу туралы мәселелерді талқылауға шығарды. Атап айтқанда, ЕАЭО КК туралы Шарт жобасы «Тауарлар жіктелуі» 20 бабына Тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестірілген жүйесіне, және де оның негізінде дайындалған Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметі Тауарлық номенклатурасына сәйкес тауарлардың жіктелуі туралы ережені қосу қажеттігі туралы. Маманның ойынша, онда кедендік реттеу саласында уәкілетті мемлекеттік органға тауар жіктелуі ережесімен салыстырып жатпай, тауарға өз бетінше негізсіз код беру мүмкіндігін шектеу қажет. Бұл кедендік реттеу саласындағы мемлекеттік органға тауарлар, транзиттік декларация, және де Одақтың кедендік аумағына әкелінетіндердің негізгі декларациялануы туралы алдын ала ақпаратты беру кезінде сот сатыларында бұдан арғы шағым беру үшін, қабылданған шешімнің шағымдануға жатқызылмауын болдырмау үшін маңызды.

Қазақстандық сауда компаниялары және электр-тұрмыстық компьютерлік техника және күрделі техникалық жүйелер тауар өндірушілері қауымдастығының төрағасы Сергей Архипкин Шарт жобасының 60, 78, 128, 328 баптарында белгіленген тауарлардың бір бөлігін жеткізбеу кезіндегі кедендік ресімдеудегі түйткілдер жайлы хабарлады. Бұл мәселелердің шешімі болашақта тауарлардың бір бөлігін жеткізбеу кезінде кедендік төлемдерді төлеу мен кедендік ресімдеуді болдырмауға мүмкіндік береді әрі бұл жауапкершілікті тасымалдаушыға ауыстырады.

Сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары Еуразиялық одағының Төрағасы Құрманғали Алдабергенов Шарт жобасының 52, 398, 401, 403 баптарында белгіленген кедендік баждар, декларант және кедендік өкіл салықтарын төлеу бойынша ынтымақты міндеттемелер жайлы өз ұсыныстары мен негіздемелерін жеткізді.

«МКК NIKOS» ЖШС директорының орынбасары Евгений Тушин Шарт жобасының «Тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылау жүргізудің ерекшеліктері» 319 бабының редакциясын, егер декларант кедендік декларациялау кезінде кеден органына мәлімдеген мәліметтерін растайтын құжаттарды ұсынбаса, кеден органдарының өзінде бар құжаттар негізінде шешім қабылдауы жағынан айқындау және нақтылау бойынша бірқатар ұсыныстар енгізді. Атап айтқанда, ол «өзінде бар құжаттар негізінде» деген анық белгіленбеген ұғымның мәлімделген мәліметтердің анықтығын терістеуге шексіз апелляциясыз құқық беретінін және Шарт жобасының 20 бабымен бірге сыбайлас жемқорлыққа жол беруі мүмкін екендігін атап өтті.

ЕЭК өкілдері өз тараптарынан ЕАЭО Кеден кодексі туралы Шарт жобасының ережелері бойынша тауарларды кедендік декларациялау және шығарумен байланысты кеден операцияларын жүргізуге қатысты тақырыптық консультациялар өткізді. Сонымен қатар, кедендік төлемдерді қолдану, Шарт жобасында тауарлардың кедендік құнын белгілеу және тауарлардың шығу тегін растау мәселелері талқыға салынды.

«Дөңгелек үстелге» қатысушылар жұмыс қорытындысы бойынша Шарт жобасының бірқатар ережелерін түзету қажеттігін мойындап, ЕАЭО КК туралы Шарт жобасының ережелерін талқылау және түзету жөніндегі ҰКП, Алматының бизнес-қоғамдастығы және ЕЭК өкілдері арасындағы бірлескен жұмысты жалғастыруға тілек білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер