astana-view

Қазақстандағы жекешелендірудің екінші толқыны: қоғамдық мүдделер сақталуға тиіс

2015 жылғы 27 Ақпан
4021 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы әлеуметтік желілерде жекешелендірудің екінші толқынының кеңінен талқылануына байланысты интернет-пайдаланушыларға жекешелендірудің екінші толқынын жүзеге асыру барысы жайлы және осы процестегі палатаның ролі туралы ақпарат береді.

Осы тақырыпқа қызығушылардың барлығы үшін жекешелендірудің екінші толқынының мақсаты түсінікті және қарапайым – мемлекеттің бизнеске қатысуын кеміту, кәсіпкерлік белсенділікті көтеу.

Елбасының тапсырмасымен 2014-2016 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспары, сонымен қатар жекешелендіруге жататын республикалық, коммуналдық және мемлекеттік сыңайлы меншік нысандарынан тұратын тізбе қабылданды. Жекешелендіру жөніндегі комиссиялар қалыптастырылды. Олардың құрамына ҰКП және өңірлік кәсіпкерлер палаталары өкілдері кіреді. Мемлекеттік органдар Жоспарға жасалған көптеген ұсыныстарды ескерді. Ендігі жерде ҰКП осы Жоспарды жүзеге асыру мониторингіне белсене қатысады, оның тұрақты түрде жаңартылуы мен өзектендірілуіне септеседі, ресми сайтта негізгі тұстарды ашып көрсетеді.

Біз мемлекеттің экономикаға қатысуы өлшемдерінің ашықтығын, жүйелілігін қолдаймыз. Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын шектеу үшін және әлемдік тәжірибеде табыспен қолданылып жүрген жекешелендірудің бірқатар қағидаларын енгізу үшін, ҚР ҰКП «Yellow Pages Rule» заң жобасын дайындауды бастамалап, бұл жоба қазірде ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына шығарылып отыр. Заң жобасы мемлекеттің мына жағдайларда ғана бизнес аумағына кіру мүмкіндігі болатынын белгіледі: бұл ұлттық қауіпсіздік мәселелерін қозғаған кезде; тізбесін ҚР Үкіметі бекітетін әлеуметтік маңызды ұйымдарды қоспағанда, тауарлық нарықтарда бәсекелестік болмағанда; осы қызметтерге деген халықтың қажеттілігін толығымен қанағаттандыру үшін жеке меншік заңгерлік және жеке тұлғалар саны жеткіліксіз болғанда; ҚР заңнамасымен мемлекеттік монополияға жатқызылған салалардағы қызмет іске асырылып жатқанда.

Біз жекешелендіру нысандарын бағалау туралы есептерді дайындауға, жекешелендіру процесінің ашықтығы мен жариялылығын көтеруге бағытталған механизмдерді талқылауға белсене ат салысамыз. Палата жекешелендіру нысандары бойынша ақпаратқа еркін кіруді қамтамасыз етуге талпынады, мемлекеттік активтердің жиынтық тізіліміне кіруді жеңілдету бойынша; өз сайтына ақпаратты орналастыруға мемлекеттік органдардан рұқсат алу бойынша белсенді жұмыс жасайды. ҰКП ресми сайтындағы «Бизнесті қолдау» бөлімінде «Жекешелендіру» деген тарау бар, онда жекешелендіру процестері бойынша қажет ақпаратқа инфографика мен сілтеме, сондай-ақ республикалық меншікті жекешелендіру жөніндегі комиссия отырыстарының негізгі қорытындылары туралы ақпарат, кейбір жекешелендіру нысандарының түйіндемесі мен Мемлекеттік мүлік тізілімі саудасының нәтижелері жарияланған.

ҰКП мемлекеттік органдарға жекешелендіруді жүзеге асыру барысының, әсіресе аудандық деңгейлерде, әлсіз көрсетілу түйткілдері жайлы бірнеше мәрте хабарлады. Сонымен қатар ҰКП жекешелендіру процесін қадағалау үшін осы науқанмен байланысты түйткілдер жайлы кәсіпкерлер арасында сауалнамалар жүргізеді. Соңғы айлар ішінде кәсіпкерлерден шағым түспегенін атап өтеміз.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сонымен қатар «Қазақстандық қор биржасы» АҚ және Қазақстанның Қаржыгерлер қауымдастығымен бірге брокерлік ұйымдарды сауда алдындағы сапалы даярлықты жүзеге асыруға, сауда процесін басқару және ұйымдастыру сапасын көтеруге тарту туралы мәселені пысықтауда. Бұл саудаға қатысудың тең шарттарын, жекешелендіру нысандарына баға түзілуінің ашық та әділетті өтуін қамтамасыз ете алады. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ бақылауындағы компаниялардың бір бөлігін «Қазақстандық қор биржасы» АҚ арқылы жекешелендіру жөніндегі ұсынысымыз белсенді түрде пысықталуда. Әрине, сөз ірі компаниялар жайлы болып отыр. Сонымен қатар отандық брокерлік компаниялардың жекешелендіруге даярлыққа қатысу мүмкіндігін Қор басшылығы талқылап жатыр. Осы жұмыстың нәтижесінде биржалық механизмдер арқылы жекешелендірудің пилоттық жобасы іске қосылатындығына сенеміз.

Жуық арада ҰКП-да барлық мүдделі тұлғалармен жекешелендірудің екінші толқынын жүзеге асыру барысының өзекті мәселелері бойынша брифинг өткізу жоспарланып отыр.

Біз журналистермен және блогерлермен «кері байланыстың» күшейтілуі аясында Палата жұмысының саласына кіретін экономикалық және басқа да кез-келген тақырып төңірегіндегі идеяларыңыз бен ұсыныстарыңызды қабылдауға ашықпыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер