astana-view

Дүниежүзілік Экономикалық Форумының Бәсекеге қабілеттілік ғаламдық индексі сауалына қатысатын респонденттер үшін ақпарат

2015 жылғы 27 Ақпан
4908 просмотров

Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері жалпы әлемдік үрдіс арнасында жүруге ынталанып келеді, әлемдік экономиканың лайықты қатысушысы болуға, сонымен қатар бизнестің әр түрлі бағыттарының даму жағынан белсенді дамып келе жаткан және болашағы бар мемлекет болып саналады.

Республика Үкіметі кәсіпкерлікті белсенді қолдайды. Мемлекеттік емес нарықта бизнестің еркін дамуы үшін құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайлармен қамтамасыз ету мемлекеттік қолдаудың мақсаты табылады.

Қазақстан Республикасымен инвестициялық жағдайды жақсарту мақсатына жетуі және әлемдік экономикаға бұдан әрі кірігуі үшін бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жүйесін халықаралық есептілік стандарттарына сәйкестендіру қажеттігі туындады, ол ұйымның қаржылық жағдайын айқын көрсетуге мүмкіндік береді және ол өз ретінде дұрыс экономикалық шешім қабылдау үшін қаржылық есептілік тұтушыларын дұрыс ақпаратпен қамтиды.

«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234 Заңына сәйкес (бұдан әрі - Заң) кең тұтынушылар ортасына қаржылық есептілікті ұсынуға тиісті ірі кәсіпкерлік субьектілері ХҚЕС-ті қолданады. Орта және шағын кәсіпкерлік субьектілеріне жеңілдетілген орта және шағын бизнеске арналған  халықаралық қаржылық есептілік стандарты әзірленілді (бұдан әрі – ОШ ХҚЕС).

Бұл ретте, шағын бизнес субьектілері ұлттық стандарттаға сәйкес қаржылық есептілікті құруды жүргізе алады, ол Қазақстан Республикасы Қаржы министрігі бұйрығымен 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 50 бұйрығымен бекітілген.

ХҚЕС-ті Қазақстанда енгізу үшін Қаржы министрілігімен ХҚЕС Қорымен мерзімсіз келісім шарт жасалған, ол Қазақстанға ХҚЕС мемлекеттік тілге сонымен қатар, стандарттарды орыс тіліне аударуға және оны жариялауға құқық береді. Қазіргі таңда, ХҚЕС соңғы нұсқасына сәйкес мемлекеттік тілдегі аудармасы жыл сайын аударылады және Министрліктің www.minfin.gov.kz  сайтында ресми жарияланады.

Нақты сектордың ХҚЕС-қа ауысуына байланысты аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың халықаралық аудит стандарттарының талаптарын сақтау қажеттігі туындады. 2006 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының территориясында халықаралық аудит стандарттары (АХС) қабылданды.

Министрлік уәкілетті орган ретінде, аудиторлық және кәсіби ұйымдардың қызметін бақылайды және аудиторлық қызмет саласын реттейді, Қазақстан территориясында тарату үшін жағдай жасайды.

Қазақстанда АХС-ты енгізу үшін Халықаралық бухгалтерлер федерациясымен кезекті келісімге қол қойылды, ол Қаржы министрлігіне Қазақстан Республикасы территориясында АХС-ты мемлекеттік тілге аударуға және Министрліктің ресми сайтында www.minfin.gov.kz  жариялауға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25.12.2008 жылғы № 1228 қаулысымен жария мүдделі ұйымдар үшін Қаржылық есептілік депозитарийі құрылды, ол қаржылық есептілік бойынша тұтынушыларға ашық қолжетімді электрондық ақпараттар базасы болып саналады (www.dfo.kz), оған жыл сайын жария мүдделі ұйымдар тапсырады. Депозитарий қаржылық есептіліктің қол жетімді және тынық болуын қамтамасыз етті, ол инвестициялық тартымдылықтың өсуіне алып келді, сонымен қатар ақпараттың дұрыстығының және сапасының артуына себебін тигізді.

2014 жылы «Аудит және қаржылық есептілік стандарттарына қанағаттандырылған жария мүдделі ұйымның үлесі» индикаторы бойынша қаржылық есептілік депозитарийында ұлттық сауалнама әзірленді және енгізілді. Сұрау нәтижесі бойынша 2014 жылы сауалнамаға қатысқан тұтынушылардың аудит және қаржылық құрайды.есептілік стандарттарына қанағаттандырылған үлесі 75% құрайды, ол жоспарланған көрсеткіштің 100%  құрайды. Сұраулық нәтижесі ҚР ҚМ сайтында орналасқан.Осы сауалнаманы ҚЕД кез келген қолданушысы толтыра алады.

Сонымен бірге, ХҚЕС пен АХС бойынша сонымен қатар, заңнаманы жетілдіру мақсатында корпоративтік есептілік сапасын арттыру бойынша дамыған елдердің тәжірибелері зерттелді. Бухгалтерлік есеп және аудит саласы бойынша ұсынылатын қызметтер сапасын арттыру бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Заңнамаға тиісті  өзгерістер енгізілді. Қазақстанда корпоративтік есептіліктің инфрақұрылымын бағалау жүргізу бойынша жұмыс басталды. Кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған 10 нормативтік құқықтық актілер әзірленді, олармен Министріліктің сайтында танысуға болады. 2015 жылы тағы 10 нормативтік құқықтық акті әзірлеу жоспарлануда.

www.minfin.gov.kz 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер