astana-view

«Қазақстандықты сатып аламыз!» науқанының логотипін таңдау үшін дауыстарыңыз қажет

2015 жылғы 26 Ақпан
3137 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы интернеттің қазақстандық сараланымын қолданушыларды «Қазақстандықты сатып аламыз!» науқанының логотипіне ұсынылған ең үздік нұсқа үшін дауыс беруге шақырады. Отандық тұтынушы Facebook әлеуметтік желісі арқылы дауыс бере алады. Қазнет пайдаланушыларының назарына отандық дизайнерлердің қолынан шыққан ең үздік 12 үлгі ұсынылып отыр. Бұл белгілерде қазақстандық тауарларды қолдау және еліміздің сауда нүктелерінде олардың ұстанымдарын күшейтуге деген ниет көрініс тапқан. Бүкіл халық боп таңдаған логотип  сауда желілерінде, үйдің жанындағы дүкендерде, сауда базарларында, жарнама материалдарында орналастырылады. Қазақстандықтардың жүрек қалауы мен патриоттық ауандарына қарай таңдау жасауы ғана қажет.

Бір айта кететіні, Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық тауар өндірушілерді қолдау жөніндегі іс-шаралар жоспарын дайындап қойған еді. Бұл жоспар бірнеше блокты көздейді. Бұл тауарлардың сөрелерге өтуін қамтамасыз ету бойынша сауда желілерімен, базарлармен, сауданың желілік емес форматтарымен жұмыс. Стратегияның екінші бағыты тауарлар сапасы мен сұрыпталымын қамтамасыз ету бойынша қазақстандық тауар өндірушілермен ынтымақтастық болмақшы. Үшінші құрал отандық тауарларды артық көруін қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар болмақшы. Жоспарда сонымен қатар дөңгелек үстелдер, мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерімен отырыстар, жалпы білім беретін мектептер және колледждер оқушыларына арналған «Сыныптан тыс серуендер» науқандары, жоғары оқу орындарының қатысуымен «Біздікілерді біліп жүр» Байқауы, «Қазақстандықты сатып аламыз, Ең үздігін таңдаймыз!» дегустациялары, «Дәмді автобустар» көшпелі жарнамасы, аграрлық жәрмеңкелер мен тауар өндірушілер фестивальдері сияқты формасы мен мазмұны жөнінен түрлі іс-шаралар көзделген. 

Логотиптердің ұсынылған нұсқаларын мына жерден көруге болады. 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер