astana-view

ҰКП мемлекеттік сатып алуларда бағалар демпингімен күресу тәсілін тапты

2015 жылғы 20 Ақпан
3599 просмотров

Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік сатып алуларды өткізу кезінде жеткізушілердің бағаларды жасанды төмендетуімен күресу шешімін тапты. Ол туралы ҰКП Мемлекеттік сатып алулар және жергілікті мазмұн департаментінің директоры Айгүл Қоңыратбаева www.palata.kz-ке берген эксклюзивті сұхбатында айтып берді. Айгүл Қуанышқызының «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заң жобасын талқылау үшін Парламент Мәжілісінде құрылған жұмыс тобының құрамына кіретінін айта кетейік.

- Айгүл Қуанышқызы, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы заң жобасына қанша түзету енгізді?

- Біз көптеген ұсыныстар енгіздік, және де қазірде заң жобасына жасаған 30-ға жуық түзетуіміз пысықтылуда. Сонымен қатар, тағыда қосымша 30 нормамыз қарауда жатыр. Олар мемлекеттік сатып алуларға қатысушылардың тең жағдайын, ашықтықты әрі процедуралардың ашықтығын қамтамасыз етуге қатысты. Сонымен қатар, біз заң жобасында тапсырыс беруші мен жеткізушінің тепе-тең экономикалық жауапкершілігі жайлы норманың көзделуін алға тартамыз. Сондай-ақ тапсырыс берушілердің мемлекеттік сатып алулар туралы шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету үшін кейбір нормаларды тәптіштеуді ұсынамыз.

- ҰКП қандай нормалардың болуын принципті түрде алға тартады?

- Принципті түрдегі ұстаным – «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заң нормаларын қамтамасыз ету мәніне қоғамдық мониторингті жүзеге асыру үшін - Палата өкілдерінің бақылаушылар ретінде сатып алуларға қатысуы. Сонымен қатар, біз өндірушілерге қажет тауарларды жеткізудің жеткілікті мерзімін енгізуді алға тартамыз. Тәжірибеде бұл мерзім 60-90 күнге дейін жетеді, сондықтан да бұны принципті түрдегі мәселе деп есептейміз. Біз қосымша шарттар мен өтінімдер орындалуының қаржылай қамсыздандырылуын жеңілдететін түзетулерді ұсындық. Соңғы тенденция – Қазақстан экономикасына сыртқы факторлардың әсерін ескеріп отырмыз. Бұл да қазақстандық кәсіпкерлердің айналымдық қаражатын қамсыздандыру түйткілін өршітіп жіберді. Сондықтан да дайындаушы мен жұмыс тобының қарауына өтінімдер мен шарттарды қамтамасыз ету тәсілдерін енгізу туралы ұсыныс енгізудеміз. Бізде заңнаманың екі ұшты түсіндірілуін болдырмайтындай тәптіштеуді көздейтін нормалар бар.

- Парламент депутаттары ҰКП заң шығарушылық бастамаларына қалай қарайды? Сіздердің ұсыныстарыңыз қалай қабылданады?

- Депутаттар біздің ұсыныстарымызды қолдайды, сонымен қатар, олар «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заң жобасы бойынша сараптамалық қорытындыны да қолдауда. Жаңа нормалармен бірге біз Парламентте шағын-орта бизнес тауарлары мен қызметтерін сатып алу көлемін ұлғайту қажеттігін, отандық өндірушілерді қолдау мәселелерін көтеріп жүрміз.

- Жеткізушілер ұсынатын бағалар демпингі – қолданыстағы мемлекеттік сатып алу жүйесінің басты түйткілдерінің бірі. Осының салдарынан адал ниетті кәсіпорындар тәжірибесі мен қызметтері мемлекеттік сатып алуларда жеңіске жету үшін бағаларды төмендететін бәсекелестерінен асып тұрса да, кейде құр қол қалып жатады. Заң жобасының көмегімен осы түйткілді қалай шешуге болады?

- Біз «тауарлар демпингі» ұғымын енгізуді ұсындық, бұл жерде демпингтің үнемі негізді бола бермейтінін түсіну қажет. Тапсырыс беруші көзқарасы тұрғысынан – әрине, ол қаражатын үнемдеуге талпынады. Алайда егер қызметтер мен тауар сапасы жайлы айтар болсақ – онда бұл жағдайда төмен баға отандық жеткізушілер мен өндірушілерге қатысты жағымсыз роль ойнауы мүмкін. Алайда мемелкеттік сатып алулар туралы заң жобасын дайындаушы ұсынған демпингке қарсы іс-шаралар кәсіпкерлер айналымынан қосымша қаражат алуды білдіреді. ҰКП басқа балама жол табуды ұсынады және заң жобасына «тауарлар демпингі» ұғымын енгізу туралы мәселені көтеретін боламыз. Заңда сапаның бағадан басымдылығын алға қойғанша, бағалар демпингі тасада қалып қоймайды, баға үнемі сапалы тауарлар, жұмыстар мен қызметтер жеткізілуін көрсете қоймайды. Сондықтан да айтарымыз – заң бойында тұтас нормалармен сапаның бағадан басымдылығын орнату қажет. Барлығы да осы заңды жүзеге асыру механизмдеріне сүйенеді.

- ҰКП тауарлар мен қызметтер сапасының бағадан басым түсуіне қалайша қол жеткізбекші?

- Біз жеткізушілер өтінімдерін бағалау кезінде олардың таңдауына қандай өлшемдер жиынтығының әсер ететіндігін анықтауды ұсынамыз. Бұл дегеніміз алдымен жеткізушіні таңдап алып, осыдан соң ол ұсынған баға жайлы айтуды білдірмейді. Біз «жұмыс тәжірибесі» өлшемінің басым болуын алға тартуға тиіспіз. Оның үстіне жеткізушілердегі материалдық база, білікті кадрлар бағалық ұсыныстармен бірге қаралуға тиіс.

- Сұхбатыңызға рахмет!

Жанар Бiрлiкқызы


Еншілес ұйымдар

Серіктестер