astana-view

ҰКП «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заң жобасына 30 түзету енгізді

2015 жылғы 20 Ақпан
3261 просмотров

Бүгін Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заң жобасын талқылаушы жұмыс тобының отырысына қатысты. Бизнес-қоғамдастық, әсіресе мемлекеттік сатып алулар қатысушылары осы заң жобасының жасалуын ерекше күткен болатын. Кәсіпкерлердің объективті сауалдары мен аукциондар ұйымдастырушыларына шағымдары біршама жинақталып қалғаны құпия емес. Дей тұрғанмен, тәжірибе көрсетіп отырғандай, басым көпшілігі мемлекеттік сатып алуларды жеңіп шығуға тырысушы бизнеске қатысты да көбейе түсуде. Бүгінде мемлекеттік тапсырыс алу шағын және орта ғана емес, ірі бизнес үшін де жалғыз экономикалық демеу болып отырғандықтан, мемлекеттік сатып алулар туралы жиі  айтылатын болып жүр.

Мәжіліс депутаттарының заң жобасына салыстырмалы кестенің әрбір тармағының мазмұнымен қоса, оның грамматикасы мен орфографиясын да да зерттеп шыққанын атап өтейік. Анықталып отырғандай, кейде, мысалы, әскери және қорғаныстық мемлекеттік сатып алу туралы сөз болғанда, тауарлар, жұмыстар мен қызметтер тізімінде артық сөз таптары да кездесіп жатады екен. «Және» деген шылауды алып тастауды ұсынған мәжілісмен Бақытжан Ертаев осылай деп есептейді, оның үстіне осы саладағы тауарлар, жұмыстар мен қызметтер атауларын тізбелеу кезінде заң жобасының күллі мәтінінде осылай жасау керек екен. Мемлекеттік сатып алулар аясында «жұмыстар және қызметтер» тіркесіне шылау қойсақ, бұл мемлекеттік сатып алулардың сатылып алатын бір затының атауын білдіреді, делінген депутат қол қойған негіздемеде.

Заң жобасын талқылауда Ұлттық палата өкілдерінің пікірлері мен түсініктері басым болды. ҰКП заң жобасына отыз түзету енгізгенін атап өтеміз. Депутаттық корпустың сарапшылардың пікіріне құлақ асып қана қоймай, осы ұсыныстарды қолдайтыны көңіл қуантады. ҰКП тікелей жұмыс тобының отырыстарында да кәсіпкерлер мүдделерін осылайша қорғайды. Мысалы, Палата өкілдері табандылығының арқасында мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру қағидалары айтылатын заң жобасының 4 бабы редакциясын түзетуге жіберуге шешім қабылданды. ҰКП өз ұсынысына дәлелдер келтіре отырып, заң жобасында тауарлар мен қызметтер құнынан сапаның басым тұратыны белгіленбегенін, осының салдарынан қазірде тендерді ең төмен бағаны ұсынған жеткізушілер жеңіп алатынын атап өтті. Мұндай демпинг қызметтер сапасына үнемі кепіл бола бермейді. Палата депутаттарға мемлекеттік сатып алулар саласында тізілімдерді қалыптастыру ережесін де қайта қарауды ұсынуда. ҰКП анықтауынша, әлеуетті жеткізушілерді «қара тізімге» қосу үшін негіздеме бар, ал қатесін түзеген кәсіпкерлер үшін одан шығу тәртібі жоқ. Депутаттар бұл норманы да түзеуге жіберді.

Заң жобасының салыстырмалы кестесіне барлығы 197 түзету енгізілді. Оның үстіне Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму жөніндегі комитетінің депутаты, жұмыс тобының басшысы Серікжан Қанаев заң жобасына парламентарийлер ұсынған жаңа нормалар саны өсіп бара жатқанын баса айтты. Осыған орай жұмыс тобы өз отырысына бұрынғыдан жиірек, аптасына бір рет жиналатын болды.

Жанар Бiрлiкқызы


Еншілес ұйымдар

Серіктестер