astana-view

Бірыңғай төрелік туралы заң жобасы Парламентке 1 сәуірге дейін түседі

2015 жылғы 03 Наурыз
4237 просмотров

ҚР ҰКП Төрлікте және аралық сотта талқылау орталығының бас хатшысы Жұмабай Шәмшиев Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған «Халықаралық төрелікті дамытудың өзекті бағыттары» халықаралық конференциясында осылай деп хабарлады.

Конференция өткізіліп отырған сәт кездейсмоқ таңдалған жоқ – бүгінгі таңда Қазақстанда заңгерлік тұлғалар арасында туындайтын дауларды баламалы жолмен шешу мүмкіндігіне деген сұрау айтарлықтау өсіп отыр.

«Дауларды баламалы жолмен шешу институттарына деген сенім олардың қызмет сипатымен, нақты төрешілер мен төрелікті тараптардың өздері таңдау мүмкіндігімен ғана емес, олардың шынайы тәуелсіздігінің қамтамасыз етілуімен де шартталады», - деп атады Жұмабай Шәмшиев.

Алайда, шынайы жағдайлар көрсетіп отырғандай, көбінесе төрешілдік талқылауларда жүйелілік болмайды.

«Қазірде Қазақстанда төрелік қызметке мониторинг жүргізетін, төрешілер мен медиаторлар даярлығын жүзеге асыратын бірыңғай орталық орган жоқ, - деп жалғады сөзін ҚР ҰКП Төрелікте және аралық сотта талқылау орталығының бас хатшысы.  – Сондай-ақ тұрақты төрелік және аралық соттардың болуы жайлы статистика да жоқ».

Төрелік саласындағы ахуал «көптеген төрелік қызметтердің ұсақ төрелік ролін атқара отырып, фирмалар мен компаниялар жанында әрекет етуімен» де күрделенуде. Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы осыған орай Төрешілер қауымдастығын құруды ұсынады.

Конференциядағы басты күн тәртібі еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев дайындап, қабылдауды тапсырған бірыңғай төрелік туралы заң жобасын талқылау болды.

Бүгін анықталып отырғандай, мұндай заң жобасы іс жүзінде әзірленіп те қойған екен, және де жуық арада Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілмекші.

ҚР әділет вице-министрі Зәуреш Баймолдинаның айтуынша, заң жобасында төрешілерге арналған біліктілік талаптары белгіленген. Сонымен, жоғары заңгерлік білім және 5 жыл бойғы практикалық жұмыс тәжірибесі болған жағдайда төрешілер үшін жас шектелімі 35 жасты құрайтын болады.

«Бірыңғай төрешілік туралы заң жобасында жалпы төрелік шешімінің күшін жою туралы норма алынып тасталды. Бас прокуратурамен арада болған осыған қатысты дау біздің пайдамызға шешілді», - деп хабарлады вице-министр.

Заң жобасы сонымен қатар құпиялылық қағидатының төрешілерге ғана емес, төрелік талқылау қатысушыларына да таралуын ұсынады. Халықтың төрелікке деген сенімін арттыру үшін заң бұзғаны үшін жауапкершілік белгілеу ұсынылуда.

«Заң жобасы Парламентке биылғы жылдың 1 сәуіріне дейін түсіп, парламенттік сессия аяқталғанға дейін қабылданады деген сенімдеміз. Оны Азаматтық іс жүргізу кодексімен бірге қабылдайды деген ойдамыз», - деп хабарлады Зәуреш Баймолдина.

Конференцияда төрелік іс жүргізуде экономикалық сипаттағы дауларды медиация жолымен реттеуге болатыны жайлы да айтылды. ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Ұлбосын Сүлейменова да осындай пікірде.

«Дауды сотқа дейін реттеу тараптардың дауды (қақтығысты) қысқа мерзімде, ең төмен деңгейдегі материалдық және моральдық шығындармен шешуіне мүмкіндік береді, кәсіпкерлер арасындағы іскерлік абырой мен серіктестік қатынастардың сақталуына оң әсерін тигізеді», - деп түсінік берді ҚР ЖС өкілі.   

Жанар Бiрлiкқызы


Еншілес ұйымдар

Серіктестер