astana-view

ҰКП мүшелік жарналары жайлы

2015 жылғы 05 Наурыз
3507 просмотров

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы міндетті мүшелік жарналар (ММЖ) мөлшерін нақтылады. Жарнаның жаңа мөлшері жайлы шешімнің өзі 2015 жылғы 27 қаңтарда өткен ҰКП съезінде қабылданғанын еске саламыз. Онда ҰКП-дағы мүшелікті саралау, сәйкесінше жарналар мөлшерлерін де саралау жайлы айтылған еді - Міндетті мүшелік жарна мөлшерлерінің кестесін қараңыз.

Екіншіден, Палата ММЖ-дан босатылатын кәсіпкерлер санатын атаған еді. Егжей-тегжейін мына жерден қараңыз.

Мүшелік жарна мөлшері кәсіпкерлер өтініші бойынша 3%-дан 89%-ға дейін төмендетілді. Міндетті төлемдер, бұрынғыдай, кәсіпкерлер табысының деңгейіне тәуелді болады. ҰКП бұл мәселеде пікірлестеріне түсіністік танытты. Мысалы, 2014 жылы жылдық жиынтық табысы 111-ден 278 миллион теңгеге дейінгі соманы құраған субъектілер үшін 296,3 мың теңге емес, 158,6 теңге болып ММЖ ең төменгі мөлшері белгіленген, ал 2014 жылғы жылдық жиынтық табысы 2,8- 4,3 миллиард теңге аралығында болған субъектілер үшін 2015 жылы ММЖ мөлшері 8,1 миллион теңгенің орнына 1 миллион теңгені құрамақшы. Сонымен бірге 2014 жылы жылдық жиынтық табысының мөлшері 10,3 миллиард теңгеден асып түскен субъектілер ғана төлейтін ММЖ ең жоғарғы мөлшері 8,1-ден 6 миллион теңгеге түсіріліп отыр.

Қандай да бір ұйымға түсу үшін мүшелік жарна төлеу жүйесі әлемдік тәжірибе болып табылады. Палата – коммерциялық емес ұйым, сәйкесінше, жарналар нысаналы түрде жұмсалмайды деп қауіптенудің жөні жоқ. ҰКП материалдық базасы нығайған сайын, оның қолдауы мен ролі де салмақтылана түспек. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, әсіресе соңғы кездерде, ҰКП-ға шағын түйткілдер мен мәселелерді шешу үшін бір рет көмек сұрап келу азайған. ҰКП беделі өсіп келеді, сонымен бірге Қазақстан бойынша жәрдем сұрап жүгінген әрбір кәсіпкерге көрсетілетін қолдау көлемі де арта түсуде. Оның үстіне ҰКП кәсіпкерлерді жарна төлеушілер және төлемнен босатылғандар деп бөліп жатпайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер