astana-view

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы заңнамаға қолдау көрсетуге дайын

2015 жылғы 04 Наурыз
3541 просмотров

Бүгінгі таңда әлеуметтік-белсенді қазақстандықтар зейнеткерлерді компьютерлік сауаттылыққа үйретеді, бұқаралық спортқа арналған аула алаңдарын жасақтайды, қоршаған ортаны қорғайды және басқа да көптеген істерді тындырады. Сарапшылар, осыған орай, осы феноменді белгілеу, ол үшін қажетті заңнамалық базаны жасақтау қажеттігі пісіп-жетілді деп есептейді.

Жоғары оқу орындары, бизнес және мемлекет өкілдерінің қатысуымен Қазақстанда алғаш өткізіліп отырған «Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік кәсіпкерлік» ғылыми-тәжірибелік конференциясы да осы мәселеге арналды.

Іс-шара бағдарламасы Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі шолу баяндамаларынан, заңнамалық аспектілерден, сонымен қатар кәсіпкерліктің осы саласының түйткілді мәселелерінен тұрды. Баяндамашылар әлеуметтік кәсіпкерлікке (ӘК) деген өз көзқарастарын ұсынды. Осы құбылысты білдіретін және күллі әлемде қабылданған бірыңғай термин әзірше жоқ. Сонымен, ALMA University президентінің ойынша, ӘК  – бұл, біріншіден, әлеуметтік түйткілмен жұмыс, мәселен, халықтың әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған топтарын жұмысқа тұрғызу. Екіншіден, ӘК пайызсыз негізде ақша немесе кредит алуды білдіреді. Не болмаса пайыздар ӘК өндіретін әлеуметтік тауарлар мен қызметтер құнынан көрініс береді. «ӘК жұмысының шарты – тұрақтылық, бұл бір-екі жылдық емес, 5-10 жылдық бизнес. Және де, ережеге сай, осындай кәсіпорынды құру үшін, креативтілік қажет, себебі мұндай адамдар мүмкіндікті басқалардың көзі шалмаған жерден көреді – олай болмағанда бұл бизнес әлдеқашан іске асырылып қояр еді», - деп атады Алматы Менеджмент Университетінің ректоры Асылбек Қожахметов.

Ұлттық кәсіпкелер палатасының өкілі Найла Мұхтарова былай деп атап өтті: «ӘК ел экономикасы үшін несімен пайдалы? ӘК әлеуметтік түйткілдерді шешуде жаңа немесе бұрындары тартылмаған ресурстарды іздейді, пайда осында болып отыр. Бұл мүмкіндігі шектеулі жандар үшін, жалғыз басты аналар үшін жұмыс орындарын жасақтау болуы мүмкін немесе қоршаған ортаны ластаумен байланысты түйткілдерге қатысты», - деп баса айтты ҚР ҰКП өкілі.

Іс-шара аясында журналистер үшін ұйымдастырылған баспасөз-конференциясының барысында Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Мейрам БЕГЕНТАЕВ журналистердің ӘК терминін заңнама тұрғысынан бекіту жайлы сауалына жауап бере отырып, заңнамалық билік өкілі ретінде, Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге осы міндетті орындауға кірісуге дайын екенін атады. Алайда, көптеген қатысушылардың ойынша, осыған орай тұтас бір заң жасақтаудың қажеті жоқ – елімізде осы саланы реттейтін заңдар мен актілер жеткілікті. ӘК анықтамасы анық белгіленетін өзінше бір декрет қана қабылдау қажет.

Сонымен қоса ұзақ мерзімдік әлеуметтік жобаларда біртіндеп тұрақты әлеуметтік кәсіпкерлікке көшу заңдылығы бар. Мысалы, Sport Concept негізін қалаушы және басшысы Анна ШЕЛЕПОВА Қазақстанда үш жылдан бері, оның үстіне тек жеке бастамасы бойынша, оңтүстік астана мен басқа да қалалар аулаларында мұзайдын салумен айналысып келе жатқандығымен ғана танымал емес, оның мақсаты – Кеңес дәуірінде болған спорт алаңдарын қайта жаңғырту және жаңаларын жасақтау. Аннаның елдегі балалар спортын дамытуға мүдделі адамдарды іздеп, қоғамдастық ұйымдастырып жүргені бұдан да маңызды: «Біз жай ғана мұзайдын жасап қоймаймыз. Салып, ұмытып кету оңай ғой. Ал ертең мұндай алаңдар қараусыз бос жер боп қалады. Бізге бей-жай қалмайтын, күші мен уақытын және басқа да ресурстарды аулалық спорт алаңшаларына жұмсайтын адамдарды табу керек», - деп атады Анна.

Қатысушылар ресейлік «Наше будущее» Қорының атқарушы директоры Юлия Жигулинаның ӘК саласындағы заңнамалық бастамалар және оның Ресейде жүзеге асырылуы жайлы баяндамасына қызығушылықпен құлақ асты. «2014 жылғы қазан айының ортасында бір топ депутат Мемлекеттік Думаға заңнамаға әлеуметтік кәсіпкерлік ұғымын енгізетін және бизнестің бұл түрінің мемлекеттік қолдау алуына мүмкіндік беретін түзетулер енгізді», - деп хабарлады Ресейден келген сарапшы.

Конференция жұмысына университеттерден, мемлекеттік құрылымдардан, бизнестен, НҚА, әлеуметтік кәсіпорындар мен БАҚ-тан 90-нан астам адам қатысты. Әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы сарапшылар негізгі спикерлер ретінде сөз алды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер