astana-view

Еуразиялық интеграция бизнесмендерді бәсекеге қабілеттілікке үйретеді

2015 жылғы 11 Наурыз
3060 просмотров

Бүгін «Нұр Отан» партиясының XVI съезі барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды отандық тауарларды таңдауға үндеді. Елбасы өз тапсырмасы бойынша қазақстандық сауда желілері мен дүкендерде «Қазақстанда жасалған» жазбасы бар сөрелердің ашылып жатқанын атады. – Бұл жай ғана сөз, кезекті үндеу емес, бұл барлық қазақстандықтарға арналған патриоттық әрекет. Бар дүниенің өзімізде жасалғаны маңызды – өз өнімімізді тұтынайық, - деді Елбасы.

Екіншіден, бұл біздің бизнеске көмектеседі. Ал біздің бизнесмендер осыған сәйкес болуға тиіс, ешкімнен қалып қоймайтын сапа беруге тырысуға тиіс, - деп тапсырды Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы сонымен қатар өзінің бизнесті еуразиялық интеграцияға дайындалуға үндегенін еске салды. – Ресейлік рубль девальвацияға ұшырағанда, салмақты бәсеке пайда болды. Біздің бәсекеге қабілеттілігіміз төменде қалып қойды. Менің бұл туралы айтып келе жатқаныма қанша жыл болды: еуразиялық интеграция орын алады, дайын болыңдар, деген едім. Қазір барлық бизнесмендерді осы мысалда тәрбиелеу қажет, - деді Елбасы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер