astana-view

Мамандар дайындауда германдық тәжірибені қолдану

2014 жылғы 19 Ақпан
8861 просмотров

Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамдастығы ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Орта Азияда басқарушы мамандар дайындау бағдарламасы жобасының презентациясын өткізді.

ҚР ҰКП салалық хатшылықтарының басшылары мен әлеуметтік сала және әлеуметтік әріптестік комитетінің кеңесінде жоба басшысы Ангела Лееке атап өткендей,  Германия мен Қазақстан арасында екіжақты экономикалық қарым-қатынасты дамытуға үлес қосу аталған жобаның басты мақсаты болып табылады. Ангела Леектің айтуынша,  жоба әсіресе шағын және орта бизнеске  іскерлік байланыстар орнату арқылы жаңа нарықтарға шығуға, сондай-ақ бәсекеге қабілеттілікті арттыруға жол ашады.

Аталған бағдарлама әлемнің 16 елінде 15 жылдан бері қолданысқа енгізілген. Бағдарламаның мазмұны тәжірибелік тренингтерді өткізу, таңдап алынған кәсіпорындарда  нақты басқару мәселелерін зерделеу, кәсіпорындарда жеке кездесулер өткізу арқылы іскерлік байланыстарды орнату немесе көрмелерге қатысу.

Іс-шара соңында одан әрі ынтымақтастықтың перспективалары белгіленді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер