astana-view

«Бизнесмен Конституциясына» барар жолда

2015 жылғы 12 Наурыз
3217 просмотров

ҰКП кәсіпкерлік Кодексінің жылдам қабылдануына қарсы.

Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма Төрағасының Орынбасары Рүстем Жүрсінов «Хабар» телеарнасындағы «Көзқарас» бағдарламасына берген сұхбатында кәсіпкерлік Кодекспен жұмыстың егжей-тегжейін сөз етті. Бастапқыда құжатты 2016 жылдың сәуірінде сенатқа енгізу жоспарланған болатын. ҰКП мәселеге жүйелік тұрғыдан келуді және жұмыс жасамайтын нормаларды асықпай жетілдіруді ұсынады.

- Бастапқы тұжырымдама қандай да бір ережелер, түрлі заңдар жинағы болады, және де кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге бағытталады деп жобаланған еді. Біздің түсінігіміздегі кәсіпкерлік кодексі – кәсіпкердің қандай да бір конституциясы. Бұл экономиканы дамытудың негізгі күші ретінде мемлекет пен кәсіпкерліктің өзара қарым-қатынас жүйесі туралы кодекс. Мемлекеттің алуан жүзді субъект екені түсінікті. Біз мемлекеттік қолдау шараларын зерттей бастадық. Керемет шаралар, бірақ жүйе жоқ. Біз оның қандай салаларда, қандай белгілер бойынша көрсетілетініне көз жүгірттік. Мемлекеттік қолдау шаралары тәуекел мөлшеріне, жобаны капиталдандыруға, салаға қарай түрленуге тиіс. Иә, бұл бар да, бірақ біз жүйелік тұрғыдан келуді жақтаймыз, - деп мәлімдеді тікелей эфир барысында Рүстем Жүрсінов.

Сонымен қатар, Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы негізгі бес қағидаға көңіл қоюды ұсынады: адал ниет қағидасы, мемлекеттің кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау қағидасы, жеке меншікті сыйлау, мемлекет пен мемлекеттік қызметкерлердің кәсіпкерлер алдындағы, соның ішінде өз әрекеттері немесе әрекетсіздіктері үшін жауапкершілігі қағидасы. Сенат қабырғасында да осындай келіссөздер мен талқылаулар жүргізілуде.

- Біз, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ретінде, аса белсенді болуға тырысамыз. Неліктен? Себебі, біріншіден, біздегі үнемі басы ашық мәселе – бұл заңнаманың тұрақтылығы. Оның үстіне, соңғы кездері заңдар өтіп кеткен күнмен қабылданып жүр. Сондықтан да, принципті түрдегі биік дәреже – бұл Кодекс. Оны өзгерту қиынға түседі, онда оқудың бірнеше процедурасы бар, және де екі норма коллизиясы, қайшылықтар кезінде, Кодекс үнемі жоғары тұрады, - деп баса айтты Рүстем Жүрсінов.

Тікелей эфирде берілген сұхбат кезінде Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Рүстем Жүрсінов көрермендердің халықтық ІРО туралы сауалдарына жауап берді, жеке бизнес бастау жолдары туралы және өзінің Сколководағы оқуы жайлы әңгімеледі. Сұхбаттың толық нұсқасын мына жерден көруге болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер