astana-view

Күшіміз – бірлікте

2015 жылғы 12 Наурыз
3548 просмотров

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі арасында Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Түсіндірме жазбада аталып өткендей, Келісім «кәсіпкерліктің өсуі үшін институционалдық негіз қалыптастыру үшін жағдай жасау» мақсатында жасалады.

Тараптар бюджетті жоспарлау және орындау, кеден ісі және салық салу, мемлекеттік сатып алулар, бухгалтерлік есеп, қаржы есептілігі және аудиторлық қызмет, республикалық мүлікті басқару, оңалту және банкроттық саласындағы мемлекеттік реттеу, экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар салаларында өзара түсіністік пен ынтымақтастықты дамыту міндетін алға қойып отыр.

Тараптардың ынтымақтастығы түрлі бағыттар бойынша бірлескен конференциялар, семинарлар, жиналыстар, дөңгелек үстелдер, брифингтер, жұмыс топтарын және басқа да іс-шаралар өткізу жолымен, сонымен қатар электронды түрде ақпарат алмасу жолымен жүзеге асырылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер