astana-view

Салық тежеудің орнына ынталандыруға тиіс

2015 жылғы 12 Наурыз
3241 просмотров

ҰКП бизнес үшін салық ережесін жеңілдетуді ұсынады.

Тіркелген сәттен бастап жаңадан құрылған шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін «салық демалысын» енгізу. Жеке кәсіпкерлерге жер және мүлік салықтары бойынша мерзімді бес жылға дейін ұзарту. Жеке кәсіпкерлердің құжаттық тексеріс мерзімін 50-ден 25 күнге дейін қысқарту, POS-терминалдарды міндетті орнатуды болдырмау… Бұл Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Қаржы министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігіне жолдаған ұсыныстарының бір бөлігі ғана.

Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Шағын және орта бизнесті дамыту комитеті мен Сауда комитетінің бүгін өткен бірлескен отырысында осындай жаңалық айтылды. 

- Салық салуға келер болсақ, экономикалық ахуалға орай біздің міндет оқиғаларды бақылауда ұстау. Бағамдық айырмашылық салдарынан бір жерлерде айналымдар түсуде, әкімшілеу күшейіп барады, қисынды түрде жеңілдетуге болатын тұсты талдау да өте маңызды, - деп түсіндірді ҰКП Шағын және орта бизнес комитетінің төрағасы Райымбек Баталов.

Бақылау-кассалық машиналарды қолдану ережесін қайта қарау – ҰКП бастамаларының бірі. Бүгінде кассалық аппарат бұзылып қалған жағдайда Техникалық қызмет көрсету орталығы қорытындысын тіркеумен сәйкес өтінішті жолдауға кәсіпкерлерге үш күн беріледі. ҰКП ойынша, бұл мерзім тым аз, және де салықшыларға уақытында хабарламағаны үшін 30 АЕК көлеміндегі айыппұл да тым көп (әсіресе ауылдық бизнес үшін). Сондықтан да Палата жеке кәсіпкерлер үшін жүгіну мерзімін үш күннен он күнге дейін ұлғайтуды ұсынды.

Алайда алкоголь өнімін сақтау және бөлшек сату үшін жыл сайынғы лицензиялық алыммен арадағы жағдай басты тақырып болды. Алымның тым жоғары мөлшерлемесі (қалаларда, Астанамен қоса алғанда, 200 000 теңгеге жуық) үш мыңнан астам кәсіпкердің лицензиясын тапсыруына, тіпті спирттік ішімдікті сатуды мүлдем тоқтатуға мәжбүр еткен.

Мынадай ұсыныстар айтылды:

- Түйткілді түбегейлі шешу қажет! Егер мемлекет осылайша маскүнемдік кеселін жеңбекші болса – онда акцизді көтерсін. Бәрібір ішетін адам іше береді. Ал лицензиялық алым ештеңені шешпейді...

ҰКП патент бойынша немесе «жеңілдікпен» жұмыс жасайтын ЖК үшін жыл сайынғы алымды олар үшін 30 АЕК мөлшерінде орнатып қысқартуды, не болмаса лицензиаттар үшін кәсіпкерлік санатына қарай алым мөлшерлемесін саралауды ұсынды. Отырыс ұйымдастырушылары бейне-байланыс тәртібінде сұхбатқа шақырған Қазақстанның Өңірлік кәсіпкерлер палаталарының өкілдері бұл ұсынысты қуана құптады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер