astana-view

Әділдік қайта орнады

2015 жылғы 12 Наурыз
- Атырау облысы
11210 просмотров

Атырау облысы Өңірлік кәсіпкерлер палатасы 19 кәсіпкердің мүддесін қорғап қалды.

Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасына қаладағы ірі сауда нысандарының бірі – «Дина» базарында сауда-саттықпен айналысатын 19 шағын және орта бизнес субъектісі түйткілдерін шешуге жәрдем көрсетуді сұрап жүгінді.

Кәсіпкерлер ұжымдық хатта өз сауда орындарының кезінде базар аумағындағы ашық аспан астында орналасқанын айтады. Кейін сауда нысанының басшылығы ол жерге бутиктер салуға шешім қабылдайды. Осы мақсатта бутик үшін болашақта жалгерлік ақыдан шегеру есебінен қайтарылады деген шартпен әрбір кәсіпкерден бір миллион теңгеден жиналған еді.

Бастапқы келісуге сәйкес, сауда орындары үшін ай сайынғы жалгерлік ақыны кәсіпкерлер 75:25 қатынасында жабады деп көзделеді, яғни, бутик үшін жалға алу сомасынан 75% мөлшерінде бұрындары кәсіпкер төлеген бір миллион теңгеден төленіп, жалгерлік ақы сомасынан қалған 25%-ды бизнес субъектілері қолма қол ақшамен жабады. Мұндай шарт толығымен бизнесмендер көңілінен шығып, олар қажет соманы жинап береді.

Алайда кейін бутиктер салынып болып, олар жалгерлерге тапсырылған соң, базар басшылығы жалдау ақысын төлеу шартын өзгертеді. Жаңа ережеге сәйкес, кәсіпкерлер жалгерлік ақы сомасынан 75%-ды қолма-қол ақшамен енгізуге тиіс болған, ал 25%-ды олар бұрын төлеген миллион теңге есебінен жабады. Нәтижесінде, олар салған қаражатты қайтару мерзімі тіпті 10 жылға созылып кетеді.

Осыған орай, кәсіпкерлер Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасына сауда орындары үшін жалгерлік ақыны төлеудің бастапқы шартын қайтаруға көмектесуді сұрап ұжымдық хат жазған еді.

Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары «Дина» базарының басшылығына жүгінді. Сауда нысанының дирекциясы кәсіпкерлер өтінішіне бірден жауап қатып, жалгерлік ақы төлеудің бастапқы шартын сақтауға шешім қабылдайды.

- Біз мәселенің оң шешімін тапқанына өте қуаныштымыз. Көпшілігіміз бутик құрылысы үшін 1 миллион теңге сомасын енгізу үшін, кредит ресімдеген болатынбыз. Сондықтан да сауда орны үшін жалгерлік ақы сомасының төмендетілуі – біз үшін үлкен қолдау. «Дина» базарының басшылығына түйткілімізге түсіністікпен қарап, мәселені жағымды жағына шешкені үшін алғыс айтқымыз келеді. Сонымен қатар, Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының мүддемізді қорғап қалғаны үшін рахмет, - дейді кәсіпкер Бақытжамал Жарылғасова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер