astana-view

Вира!!!

2015 жылғы 13 Наурыз
3292 просмотров

2015 жылғы 11 наурызда «Қазақстан Республикасы Ұлттық Құрылыс саласы қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігі мүшелерінің кезектен тыс съезі және Қауымдастық Кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Қауымдастық Кеңесінің Төрағасы болып "Базис" Холдингтік компаниясы» ЖШС Директорлар кеңесінің Төрағасы Белович Александр Якубович сайланды.

2014 жылғы 2-3 желтоқсанда ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Бірінші Еуразиялық құрылыс саласы конгресінде Қазақстанның Ұлттық құрылыс саласы қауымдастығын құруды бастамалаған еді. Бастаманы ірі бейіндік бірлестіктер, қауымдастықтар, одақтар мен саланың жетекші ойыншылары қолдаған еді.

Салалық одақ құрылыс нарығы кәсіпорындарының қызметін үйлестіру, мемлекеттік билік органдарында олардың құқықтары мен мүдделерін таныту және қорғау, сәулет, қала құрылысы, құрылыс және ТКШ саласындағы мемлекеттік саясат мәселелерін талқылауға қатысу, нормативтік актілерді дайындауға қатысу мақсатында құрылды.

2015 жылғы 11 наурызда «Қазақстан Республикасы Ұлттық Құрылыс саласы қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігі мүшелерінің кезектен тыс съезі және Қауымдастық Кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Бүгінгі таңда салалық одақ шамамен 150 құрылыс кәсіпорнын біріктіріп отыр.

Қауымдастық Кеңесінің отырысында ұйымдастыру мәселелері қаралды, қызметтің бірінші кезектегі бағыттары мен басымдылықтары анықталды, жақын келешектегі аппарат әрекетінің жоспары қаралды, Қауымдастықтың жаңа мүшелерін қабылдау тәртібі қабылданды, Қауымдастық мүшелері кәсіби ар-намыс және әдеп Кодексі бекітілді.

Қауымдастық Кеңесінің Төрағасы болып "Базис" Холдингтік компаниясы» ЖШС Директорлар кеңесінің Төрағасы Белович Александр Якубович сайланды.

Салалық одақ отандық кәсіпорындар қызметі үшін жағымды жағдай жасау жөніндегі міндеттерді орындау; еңбек өнімділігін және отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін көтеру үшін жағдай қалыптастыру; қолжетімді тұрғын үй нарығын қалыптастыруға және тұрғын үй құрылысы қарқынын ұлғайтуға жәрдемдесу; құрылыс саласындағы сақтандыру қызметін дамытуға және басқа да бірқатар міндеттерді орындауға деген ниетін растады.

Қауымдастық коммерциялық емес ұйым ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасына құралыс нарығы субъектілері бөлетін жарнаның бір бөлігі есебінен тіршілік ететін болады.

Салалық ұйым аппараты тұрақты әрекет ететін атқарушы орган ретінде бірнеше басқармадан тұратын болады. Аппараттың құрылымы мен штатын Қауымдастық Кеңесі ағымдағы міндеттер мен бюджеттік мүмкіндіктерге қарай бекітеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер