astana-view

Стандарт бәрінің негізі

2015 жылғы 13 Наурыз
4586 просмотров

Бейсенбі, 12 наурыз күні Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасында «Стандарттау туралы» және «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдары жобаларының Тұжырымдамаларын талқылау жөніндегі аймақтық жиналыс өтті.

Жиналысқа Өңірлік кәсіпкерлер палаталары, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті департаменттері, «Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты» РМК, «Қазақстандық метрология институты» РМК аумақтық құрылымдық бөлімшелері және «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС өкілдері қатысты.

ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Рахим Ошақбаев пен ҚР ИжДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті Төрағасының орынбасары Ғалымжан Дұғалов кіріспе сөздерін баяндады. Рахим Ошақбаев өз сөзінде жасалып жатқан заң жобаларының маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті. Оларды Қазақстан заңнамасын экономикалық интеграция аясындағы халықаралық және өңірлік келісімдер ережелерімен сәйкес үйлестіру мен біріздендіру міндеттеріне орай жасау қажет болып отыр.

«ҚазИнСт» РМК бас директоры А.А. Шаққалиев, «ҚазИнМетр» РМК бас директоры В.Н. Михалченко және «ҚазИнСт» РМК бас директорының орынбасары Н.А Өтешов стандарттау саласындағы заң жасаудың маңызды аспектілері туралы ақпарат берді.

Жиналыс барысында «Стандарттау туралы» және «Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын жасау негіздемелері талқыланып, ұсынылды. Заң жасаушылар реттеу нысандары туралы, заң жобалары қабылданған жағдайдағы болжанатын құқықтық және әлеуметтік-экономикалық әсерлер туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Жиналыс нәтижесінде заң жобаларының тұжырымдамасын ҚР ИжДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің өңірлік департаменттері, өңірлік кәсіпкерлер палатасы, салалық қауымдастықтар және басқа да мүдделі тұлғалар қарауы туралы шешім қабылданды.

Ескертулер мен ұсыныстарды ҚР ҰКП атына мына e-mail-ге жолдауды сұраймыз: info@palata.kz немесе t.ermekbayev@palata.kz. Барлық сауалдарды мына телефондар арқылы қойыңыздар: 8 /7172/ 919-330.

«Стандарттау туралы ҚР Заңының жобасы Тұжырымдамасымен мына жерде танысуға болады.

«Стандарттау туралы» ҚР Заңы жобасының презентациясымен мына жерде танысуға болады.

«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының Тұжырымдамасымен мына жерде танысуға болады.

«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының Тұжырымдамасы презентациясымен  мына жерде танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер