astana-view

Қағаздағы игі іс

2015 жылғы 16 Наурыз
3129 просмотров

Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қаржы министрлігінің қайырымдылыққа салық жеңілдіктерін енгізуге қарсы екенін мәлімдейді. Палата «Қайырымдылық туралы» заң жобасының аясында салық ынталандыруларын көздеуді және 3-10 пайыз аралығындағы қайырымдылық бойынша шегерімдерге кететін пайызды ұлғайтуды ұсынады.

Бүгін Ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткен отырыста заң жобасы талқыланды. Белгілі болып отырғандай, бірқатар мемлекеттік органдар салық салынатын базаға болатын әсерінің салдарынан жеңілдіктер бойынша ҰКП-ның ұсынысын қолдамай отыр.

- Осы салықтық ынталандырулар жөнінен мемлекеттік органдар, соның ішінде Қаржы министрлігі тарапынан белгілі бір қарсылық бар, себебі бұл салық салынатын базаға әсер етеді. Мұның шынымен де белгілі бір түрде әсерін тигізетіні түсінікті, яғни егер 10 пайыз шегерімге жатқызылатын болса, онда салық салынатын база қысқарады – бұл Қаржы министрлігі мүддесіне қайшы келеді. Алайда, бір жағынан, бәрібір мемлекет кейін осы ақшаны әлеуметтік мәселелерді шешуге жұмсауға мәжбүр болады. Сонда, мұны кәсіпкерлерді жай ғана ынталандыра отырып, істеуге болатын болса, осынша күрделі механизмнің керегі қанша? – деген сауал қояды ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев.

ҰКП заң жобасы мақұлданса, Қазақстанда қайырымдылық, меценаттық, демеушілік сияқты ұғымдардың нақты анықтамалары жазылады деген сенімде. Көбінесе, бұл сөздердің маңынасын шатастырып жатады.

- Мәселен, біреу қайырымдылықпен айналысады делік, алайда оған, бұл «меценаттық» немесе «демеушілік» болып табылмайтындықтан, салықтық ынталандыруға жатпайтыны айтылады. Яғни бұл ұғымдар үнемі шатастырылатын, біреуінің орнына екіншісі айтылатын, және де бұл салмақты түтйкіл болған еді. Біз қандай да бір халықаралық ұйымдар рейтингі бойынша қайырымдылық жөнінен көшбасшы орында тұрмағанымызды байқаймыз. Бұл қазақстандықтар қайырымдылықпен айналыспайды деген сөз емес. Мұның бәрі көлеңкеде жасалады. Қайырымдылыққа жолданатын шығындар жай ғана көрсетілмейді. Біз қазір тіпті дуалды білім беруге қатысатын кәсіпорындармен де әңгімелестік, олар студенттерге еңбекақы төлейді, бірақ олар бұл ақша аударылған кезде салық салынатын болғандықтан, қолма қол ақшамен беруді жөн санайды. Сондықтан да осы заң жобасының аясында біз салықтық ынталандыруларды көздеуді және 3-10 пайыз аралығындағы қайырымдылық бойынша шегерімге кететін пайызды ұлғайтуды ұсындық, - деп хабарлады отырыста Нұржан Әлтаев.

Сонымен қатар, ҰКП әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту және эндаумент-қорлар құру жайлы еске салды. Мұндай қорлар Батыста бұрыннан әрі орнықты әрекет етеді. Механизмі айтарлықтай қарапайым – кәсіпкер қаражатты бір рет бөледі және ақша экономикаға жұмыс жасайды, табыс әкеледі. Осыдан кейін ғана бұл табыс қайырымдылыққа кетеді.

Ал бүгінгі таңда Қазақстанда мүлдем басқаша көрініс байқалады. ҰКП деректеріне сүйенсек, қазақстандық бизнесмен ақшаны бір рет емес, бірнеше рет бөле алады. Сондықтан да Палата «Қайырымдылық туралы» заң жобасының аясында эндаумент-қор ұғымын бекітуді ұсынады.

- Біз, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, заң қабылданған соң осындай эндаумент-қор құруға және алғаш боп игі іс бастауға дайынбыз! – деп қатысушыларды сендірді Нұржан Әлтаев.

Парламент Мәжілісінің депутаты Айгүл Соловьева отырыс кулуарында «Қайырымдылық туралы» заң жобасының осынша маңызды мәселеде қажет нақтылықты енгізетіндігін нақтылады.

- Мұнда қайырымдылық жасаушы мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Заң жобасы осы үшін де қажет. Осы мәселенің шегіндегілер бұрынғыдай жұмыс жасай береді. Егер өзін қайырымдылық жасаушы деп атағысы келмесе, онда бұл заң осындай шектеулер енгізбейді, - деп мәлімдеді Айгүл Соловьева.

Депутат берген деректерге сүйенсек, «Қайырымдылық туралы» заң жобасында осындай көмек көрсетілетін бірнеше өлшемдер жазылған. Бұл әлеуметтік мәселелерді шешу кезінде, апатты және төтенше жағдайларда, белгілі бір азаматтарға материалдық қолдау қажет болғанда және басқалары. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер