astana-view

Bizmo Интернет-Сервисі: атыраулық жас кәсіпкерлер ұсынған мессенджер

2015 жылғы 16 Наурыз
3518 просмотров

Стартаптың интернет-хабарламалары арқылы тендерлер мен клиенттерге қол жеткізу оңайырақ болмақ.

Қазақстандық Bizmo іскерлік хабарламалар месенджері іскерлік байланыстың әдеттегі тәсілдеріне қарсы тұрады. Жобаға өз жалыны мен жігерін салған бизмо тобының өкілі Олжас Рахимов бұған сенімді.

- «Самұрық» Жас кәсіпкерлер лигасы шынайы инновациялық жобаны қолдауға бел буды. Ол үшін біз Атырауда өткен стартап-форум сыйлығы иегерлерінің бірін таңдап алып, оны қаржыландырдық. Қазір бизнес жұмыс жасап тұр, және де біз екі жыл бойында ТМД іскерлік сараланымының айтарлықтай үлесін игеруді жоспарлап отырмыз, - дейді Олжас.

Интернет-сервистің басты артықшылығы оның Business-To-Business форматында жұмыс жасауға бейімделгендігі болып табылады. Бұл кәсіпкерлердің түрлі өңірлерде орналасқан өз клиенттерін табуына көмектеседі. Атырау облысы мұнай-газ жобалары тұрғысынан тартымды және онда күллі Қазақстан кәсіпкерлерінің мүдделері шектесіп жатыр. Сондықтан да бизнесмендер Bizmo арқылы іскерлік байланыстар орната алады және осындай келешегі бар салада сауданы көтере алады.

- Bizmo – бұл бизнес өкілдері мен олардың клиенттерінің бір-бірін жеке парақшалары арқылы оңай табуына, іскерлік байланыстарын кеңейтуге, смс және жарнама үшін төлем жасау қажеттілігінсіз араласып, ақпарат алмасуына, нүктелік түрде әрекет етуіне мүмкіндік беретін мобильдік, әлеуметтік желі. Онда жинақылық пен топ болып тендермен жұмыс жасауды ескергенде, ыңғайлы пайдаланушы форматында беру үшін өңделген электронды тендерлік жүйелер деректері біріктіріледі. Осылайша, бизнесмендер мемлекеттік органдар мен компаниялардың тендерлері туралы ақпарат ала алады, - деп түсіндірді Олжас.  

Бизнес-қосымшаны Apple Store мен Google Play-ге жүктеп алуға болады. Ол дыбыстық хабарламалар, бейнефайлдар, құжаттар беру сияқты функциялардан тұрады. Құрушылар өнімді қонақтардың қарауы, компаниялар тізімінде көтеру, сыйлықтар ретіндегі стикерлер сияқты қызметтер және адам зейіні түсетін басқа да дүниелер арқылы қаражат көзіне айналдырмақшы.

«Самұрық» Жас кәсіпкерлер лигасы Bizmo жобасынан басқа суды тазарту, кірпіш өндіру, көкөніс өсіру, тротуар тақталары, Атыраудағы жарты гектар жер телімінде керілмелі төбелер өндіру бойынша жобаларды өркендетіп жүр. Бизнесмендер 4 мың шаршы метр аумақта жылытылған ангар салып, оны жас кәсіпкерлер цехы үшін тегін жалдамақшы. Оның үстіне жеңіл, тамақ және құрылыс өнеркәсібі кәсіпорындарына артықшылық берілетін болады. Қазіргі кезде Олжас мұнай-газ секторындағы компаниялар үшін қонақ үй және трансферттік қызметтермен айналысуда. Оның 21-26 жас аралығындағы тобы өздеріне бөлінген өндірістік аймақта қызмет түрлерін кеңейтуді жоспарлап отыр. «Самұрық» Жас кәсіпкерлер лигасы өңірдегі жастар бизнесін дамытуға жәрдемдесуге, жастар бастамаларын қолдауға дайын.

– Қазірде қызметтер нарығы аса мазмұнды бола тұрып, ал өндіріс әлі де соншалықты дамымаған. Жыл соңына дейін Атырауда минералды және тазартылған су шығару жөніндегі зауытты іске қосуды жоспарлап жүрміз. Бұл жоба «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылуда, – дейді Олжас Рахимов. Лига келер жылы тағы да төрт өндірісті ашуды жоспарлап отыр.

«Самұрық» Жас кәсіпкерлер лигасының даму бағдарламасы ҰКП-да өткен жас кәсіпкерлер кездесуінде таныстырылды. Инноваторларға жан-жақты қолдау көрсетуге уәде берілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер