astana-view

Келешегі бар сенімді серіктес

2015 жылғы 16 Наурыз
3446 просмотров

Астанада Қазақстандық-Австриялық Іскерлік кеңестің III отырысы өтіп, отырыс барысында екі жақты ынтымақтастықты дамыту келешегі талқыға салынды. Сонымен қатар екі елдің инвестициялық климаты жөніндегі ақпарат таныстырылды. Отыздан астам қазақстандық компания мен шамамен отыз алтыға жуық австриялық компания басшылары «B2B» форматында кездесулер өткізіп, көлік-логистикалық саладағы, машина жасаудағы, мұнай-газ саласындағы, энергетикалық сектордағы, құрылыс, тамақ өнеркәсібі және медицинадағы ынтымақтастық мәселелерін қарады.

Қазақстандық тараптан Іскерлік кеңестің тең төрағасы – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Қазақстанның Машина жасаушылар одағы» ЗТБ Басқарма Төрағасы Мейрам Пішембаев Қазақстандық-Австриялық іскерлік кеңестің екі тараптағы кәсіпкерлер үшін де, экономистер, қаржыгерлер мен шағын-орта бизнес өкілдері үшін де сұхбат алаңы болып табылатынын атап өтті.

- ҚАІК өзара тиімді ынтымақтастыққа мүдделі барлық қазақстандық және австриялық компаниялар мен ұйымдарды біріктіру үшін құрылды. Біз елдеріміз арасында, сонымен қатар еуропалық қоғамдастықпен байланыс орнатуға мүдделіміз, және де осыған орай өзара сапарлардың визасыз тәртібі бағытына артықшылық береміз. Бұл мәселеде ісіміз оңға басып, келіссөздер аясында визаларды толығымен тоқтатуға дейін баратынымызға сенемін, - деп түсіндірді Мейрам Пішембаев.

Сонымен қатар, Мейрам Пішембаев Талдау-сараптамалық орталығы мен Инвестицияларға жәрдемдесу департаментін құру арқылы ҚАІК құрылымына өзгеріс енгізу туралы ұсынысын жеткізді.

- Назар аударылуға тиіс толғақты түйткілдердің бірі – бұл қазақстандық және австриялық кәсіпкерлердің мүдделі серіктестер іздеуіне шынайы көмек көрсету. Ынтымақтастықтың негізгі басымдылықтары арасында кадрларды даярлау және оқыту, австриялық және қазақстандық компаниялар, техникалық ноу-хау, машина жасау, елімізге өндірістік жабдықтар, технология экспорттау саласындағы кәсіпорындар мен кәсіпкерлер арасындағы кооперация мүмкіндіктері бар, фармация, медициналық техника даму келешегі үміт береді, - деп атады Мейрам Пішембаев.

Іскерлік кеңесті австриялық тараптан Австрия Экономика палатасының вице-президенті доктор Рихард Шенц басқарады. Ол әлеуетті австриялық және қазақстандық серіктестердің аса көп болуы екі тараптан да болып отырған мүдделілікке куә болатынын атады.

- Біздің кәсіпорындарда дайындай алатын үлкен бір әлеует бар. 2015 жыл бүкіл әлем бойынша оңайшылықпен өтпейді деп болжануда және австриялық экономикаға қатысты тұсты сөз қылар болсақ, бұл келешегі ұзаққа баратын сенімді серіктес. Австрия – жоғары индустриялық мемлекет. Онда хай-тек блогына жатқызып жүрген компаниялар саны жетіп артылады. Бұл жаһандық ойыншылар болып табылатын кәсіпорындар, ірі компанияларда 50%-ға дейінгі қатысу, осының өзі Австрияның техникалық тұрғыдан ғана дамыған мемлекет емес, көрсетілетін қызметтер мен әзірленетін өнімдердің жеткілікті деңгейдегі жоғары сапасына ие мемлекет екенін көрсетеді. Елдеріміз арасында қайта жаңғыртылған алғашқы келісім-шарттар кейбір жобаларды жүзеге асыруға көмектесті, алайда, осымен тоқтап қалғымыз келмейді. 8,5 миллион адам біздің жаңа Еуропаның жүрегінде шамамен 130 млрд еуро  табуымызға мүмкіндік береді. Бұл соманы тауарларды экспорттаудан ғана ала аламыз. Біздің әл-ауқатымыз бен инновациялар деңгейі әлемдегі ең үздік он елдің қатарынан табылуымызға мүмкіндік береді. Бұған ең үздік заманауи технология, инновация болуының арқасында, сонымен қатар серіктестермен адал достық қатынас орнатумен қол жеткізуге болады, - деп атап өтті доктор Рихард Шенц.

Отырыс барысында соңғы жылдары көптеген жұмыстардың атқарылғаны және Іскерлік кеңестің өз әл-ауқатын дәлелдегені аталды. 17 наурызда екі елдің Үкіметаралық комиссиясы отырысы өтеді. Онда бизнес пікірі айтылады деп күтілуде. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер