astana-view

Сағатымызды салыстырайық

2015 жылғы 16 Наурыз
3495 просмотров

17 наурызда Атырау облысында ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтың қатысуымен Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің отырысы өтеді.

Отырысқа облыс әкімдері, даму институттары өкілдері, Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы жобаларын жүзеге асыруға қатысушы кәсіпкерлер қатысады.

Өңірлік кеңестің күн тәртібі айтарлықтай мазмұнды. Жиналыс барысында Индустрияландыру картасы жобаларын жүзеге асыру, отандық тауар өндірушілерді қолдау («Қазақстанда жасалған» науқанының аясында), сонымен қатар өңір экономикасының түйткілді мәселелері талқыланады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер