astana-view

Бізді Грац қаласы күтуде!

2015 жылғы 16 Наурыз
4027 просмотров

Австриялық инвестициялар қазақстандық жобаларды нығайтады.

Астанада өткен III Қазақстандық-Австриялық Іскерлік Кеңестен кейін «Қазақстанның сыртқы сауда палатасы» ЖШС Басқарма Төрағасы Сабыр Есімбеков www.palata.kz-ке берген сұхбатында  екі елдің бірлескен ынтымақтастығының жоспарлары жайлы баян етті.

- Австрияның Еуропадағы серіктестеріміздің алғашқы бестігіне кіретіндігін атап өткіміз келеді және біздің, әсіресе дәл осы бізің Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ретіндегі және Сыртқы сауда палатасы жұмысының мәнмәтінінде Австрияның Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен ынтымақтастығының атқарымы өте ұнамды жалғасын табуы мүмкін, - дейді Сабыр Сайлаубекұлы. – Негізінде Ұлттық палата жүзеге асырып жүрген функциялардың барлығы біздің жұмысымызда аса қажет болып қалуы мүмкін. Ең алдымен, бұл бизнесті қорғау, кәсіптік оқыту жөніндегі жұмыс, сондай-ақ бұл инвестицияларды өркендету, экспортты қолдау – бұл Австрияның Ұлттық палатасынан біз үйренуге тиіс дүниелер.

Бүгінгі отырыс барысында машина жасау, қазақстандық кәсіпорындарға турбиналық жабдықтарды жеткізу, лифт жабдығы жөнінен бірнеше аса нақты жобалар талқыға түсті, деп атады Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы басшысы.

- Біз қазақстандық туристік бизнестің австриялық нысандарға деген аса үлкен қызығушылығына құлағдар болдық. Қонақ үй бизнесіне де қызығушылық жоғары. Австриялықтар да бұл жөнінен бізбен ынтымақтасуға дайын әрі ЭКСПО-2017 қарсаңында біздікілер де әзір. Бұл аса үлкен мүмкіншіліктер деп ойлаймыз. Және де осындай ынтымақтастыққа көмектесе отырып, Сыртқы сауда палатасы үшін біз жүзеге асыра алатын мүмкіндіктер де мұнда баршылық, – деп түсіндірді Сабыр Есімбеков.

Сабыр Есімбековтің айтуынша, жасалған ұсыныстар арасында бизнес білім беру мәселесі де болған.

- Штирия жерінің өкілдері, ондағы басты қала Грац – ең танымал білім беру орталықтарының бірі, онда Еуропадағы ең ірі білім беру бизнесі бар. Олар Австрия Палатасы арқылы бізді осы бағытта бірге жұмыс жасауға шақырды. Бұл кәсіптік-техникалық білім беру мәселелеріне қатысты. Ал келесі кездесу Зальцбург қаласында өтеді. Кездесу өтетін күн екі елдің Үкіметаралық комиссиясы келесі отырысын өткізгенде белгілі болады, - деп қорытты «Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы» ЖШС Басқарма Төрағасы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер