astana-view

Инвестициялық Қазақстан: деректер мен қолдаушы дәлелдер

2015 жылғы 17 Наурыз
3371 просмотров

Еліміздің инвестициялық тартымдылығының тоғыз көрсеткіші жайлы.

Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі және Doing Business рейтингтерінде Қазақстан өзінің ЕАЭО бойынша көршілерінен озық тұр. Бұл ақпарат ІІІ қазақстандық-австриялық іскерлік кеңес отырысында айтылды.

«KazNexInvest» АҚ басшысы Борисбий Жангуразов инвесторлардың қандай да бір елге инвестиция салу туралы шешім қабылдаған кезінде талданып отыратын ең негізгі көрсеткіштерге тоқталды.

- Қазақстанды көршілес жатқан басқа елдерден өте жоғары макроэкономикалық тұрақтылығы ерекшелейді. Біз әдетте базалық жыл ретінде 1999 жылды аламыз, себебі одан ертеректегі сандар біршама төмен әрі инвесторлар оларға күмән келтіруі мүмкін. Егер бүгінгі таңдағы кезеңді 1999 жылмен салыстырар болсақ, онда елдегі ЖІӨ 14 есе өсті және 226 млрд долларға жеткенін айту керек. Сонымен қатар жан басына шаққандағы ЖІӨ 12 есе өскен және бүгінгі күні 13 мың долларды құрап отыр, - деп атады Борисбий Жангуразов.

Экспорттық корпорация басшысының айтуынша, Қазақстандағы ЖІӨ өсуі іс жүзінде үнемі жоғары деңгейде болған.

- Кей жылдары, мысалы, 2001 жылы қос таңбалы санға жетті, алайда ЖІӨ өсуі іс жүзінде үнемі бес пайыздан жоғары деңгейде тұрды. 2015 жылы ЖІӨ өсуі 4,6 пайыз деңгейінде болады деп күтеміз, дегенмен болжамдар айтарлықтай құбылмалы, алайда біздің ойымызша, ЖІӨ өсуі одан да жоғары болуы мүмкін, - деп есептейді Борисбий Жангуразов.

Инвесторлар талдайтын көрсеткіштердің бірі инфляция деңгейі болып табылады. «KazNexInvest» басшысы бұдан әрі осы төңіректе ой өрбітті:

- Әрине, 90 жылдары инфляциямен күресу айтарлықтай қиын болды, дей тұрғанмен, тәуелсіздік жылдары Ұлттық банк пен Үкімет инфляцияны тиімді басқару және оны тиісті деңгейде ұстап тұру тәсілдерін тапты. Және, осының салдарынан кейінгі жылдары Қазақстандағы инфляция деңгейі іс жүзінде он пайыздан төмен деңгейде болды да, 2014 жылы сегіз пайызға тұрақтады.

Тағы бір маңызды көрсеткіш – бұл туу деңгейі. Экономикалық көрсеткіштер ғана емес, адамдардың ел ішінде өзін қаншалықты жайлы сезінетіндігі де ескеріледі, деп атады Борисбий Жангуразов.

- Қазақстандағы туу деңгейінің үнемі өсіп отырғанын және өсуін жалғастырып жатқанын айта кету керек. Қазірде республиканың әрбір 100 мың адамына шаққанда 22 мың жаңа туған нәресте деңгейінде тұр. Сондай-ақ Үкімет жұмыссыздық деңгейімен жеткілікті деңгейде тиімді күресіп келеді және ақырғы сан 5,2 пайыз, яғни жұмыссыздық 13,5 пайыз деңгейде болған 99 жылмен салыстырғанда біршама төмен, - деп атады сарапшы.

Сонымен қатар, спикер Қазақстанның алтын-валюта қорының біршама жоғары деңгейін жинақтағанын және Ұлттық мұнай қорының құрылып, оның 100 млрд доллардан астам актив жинақтағанын атап өтті. Бұл әлемдегі ең жоғарғы көрсеткіштердің бірі болып табылады, яғни ЖІӨ деңгейінен іс жүзінде 50 пайызға жетеді.

- Бұл Үкіметтің инфляцияны тиімді ұстап тұруына және жергілікті валютаның айырбас бағамын ұстауға мүмкіндік береді. Қазақстанның іс жүзінде тәуелсіз сыртқы қарызы жоқ деуге де болады, яғни мен мұнда ішкі топтық қарыз бен корпоративтік қарыз жайлы айтып отырған жоқпын, қазір Қазақстанның сыртқы қарызы 2,6 млрд доллар деңгейінде, бұл іс жүзінде ЖІӨ деңгейінен жүз есе аз, - деп түсіндірді спикер.

Егер Қазақстанның пайдалы қазбалар және осы шикізаттан жасалған өнім өндіру жөнінен қандай орында тұрғанына талдау  жасайтын болсақ, онда барлық дерлік жайғасымдар жөнінен қордың біршама көп екенін байқауға болады, дейді «KazNexInvest» басшысы.

- Яғни, егер тас көмір сияқты көрсеткіш бойынша қор деңгейі бойынша сегізінші орында болсақ, ал өндіру жөнінен тек оныншы орында тұрмыз, - деп ақпараттандырды Борисбий Жангуразов. - Уран, темір кені, боксит, молибден, хром бойынша – Менделеевтің барлық кестесі бойынша дерлік өндіру және осы пайдалы қазбалардан қандай да бір өнімді қайта өңдеуде үлкен әлеует бар дей аламыз.

Үкімет инвестициялық климатты жақсарту жөнінен Қазақстанды инвестициялау үшін біршама жайлы орынға айналдыру үшін көп іс тындырып жатыр, деп атады Борисбий Жангуразов.

- Яғни барлық рейтингтерге талдау жасалады, ал бұл негізінен рейтингтің екі түрі – Doing Business және Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі, - және де осы екі жайғасым бойынша біз көршілес елдердің алдында болып отырмыз, - деп атады экспорттық корпорация басшысы. - Соның ішінде, миноритарлық үлестерді қорғау жөнінен біз 25 орында болсақ, ал Ресей Федерациясы жүзінші және Қытай 132 орында екен. Біз 21 орындағы Италиядан біраз қалып қойып отырмыз. Салықтық әкімшілеуді жүргізу жеңілдігі жөнінен 17 орындамыз, ал Ресей 49, Қытай 120 орында.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер