astana-view

Тимур Құлыбаев: «Тұғырлы» кәсіпорындар отандық тауарлар өркендеуін ынталандырады

2015 жылғы 17 Наурыз
4041 просмотров

Барлық өңірлерде отандық тауарларды нарыққа өркендетуді қамтамасыз ете отырып, басқа кәсіпорындар келіп қосыла алатын «тұғырлы» кәсіпорындарды белгілеу қажет. ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев бүгін Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің отырысында осындай тапсырма берді.

«11 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында, барлық сауда желілерінде отандық тауарлар секциясы пайда болуы үшін, Елбасы «Қазақстанда жасалған» науқанын іске қосуды тапсырды. Осындай экономикалық жағдайда отандық өндірушілер өнімін өткізу қазақстандық кәсіпорындар түйткілдерін шешуде маңызды құрамдас болып табылады. Кәсіпкерлер палаталарының әкімдіктермен бірге отандық тауар өндірушілерді қолдауды, соның ішінде сауда желісінде өнімді сату алдында даярлау арқылы, қамтамасыз етуі  қажет» - деді Тимур Құлыбаев.

ҰКП Төралқа Төрағасы қазақстандық бизнес үшін интеграциялық процестерді белсендірумен, Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуымен және алдағы Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруімен байланысты сынақтардың болатынын еске салды.

«Біз Ресей және Белорусьтегі өндірушілермен бәсекелесе бастадық. Оларда біршама жаппай өндіріс екенін, демек өнімнің өзіндік құны бізге қарағанда төменірек болатынын ұмытпау қажет. Сондықтан да біздің бизнес ресейлік және белорустық өніммен сапасы мен бағасы жөнінен салыстыруға келетін өнімді ұсына отырып, бәсекеге қабілетті өндірісті дамытуға тиіс. Біз мұндай өндірушілерді қолдаймыз» - деп атады ҚР ҰКП басшысы.

Отандық өндіршілер мен сауда кәсіпорындары ынтасын күшейту үшін, Қазақстанда 3 республикалық байқау жарияланғанын еске саламыз. «Алтын сапа» байқауының жеңімпазы конкурс логотипін өз өнімінің орамасында қою құқығына ие болады. «Сауда Үздiгi» байқауының «Тауар өндірушінің ең үздік серіктесі» номинациясындағы жеңімпазы бақылау органдарының тексерісінен 1 жылға босатылады. «Жыл таңдауы» байқауында жеңіске жеткен кәсіпорындарда да тексеріс болмайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер