astana-view

Канада бізге қызғанышпен қарайтын болды

2015 жылғы 17 Наурыз
3405 просмотров

ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рахим Ошақбаев ҰКП алаңында өткен қазақстандық сиыр етін экспорттау мәселелері жөніндегі дөңгелек үстел отырысы барысында журналистерге берген сұхбатында рубль девальвациясы жағдайында қазақстандық етті экспорттау үшін баламалы нарық іздеу туралы айтып берді.

«Ірі өндірушілер еттің тек Ресейге ғана экспортталмайтынын атайды. Таяу Шығыс елдері де бір сапарда 60 тоннаға дейінгі өнімді алып кетуге дайын. Оның үстіне, бірқатар кәсіпорындар етті ғана емес, стейк, котлеттер және басқалары сияқты қайта өңделген ет өнімдерін экспорттауға дайын. Алайда ол үшін, ірі ритейлдер белгілейтін санитарлық-гигиеналық талаптар мен сапа стандарттарына сәйкес келу үшін, бірнеше миллион долларды құрайтын айтарлықтай инвестициялар қажет болады. Бұған ерекше қатыру технологиясы – жабдықтар да және басқалары жатады. Егер сапасы әжептәуір жоғары тұтас етті ғана, атап айтқанда, қайта өңделген ет өнімін экспорттайтын болсақ, онда қосылған құн біршама жоғары болатыны жайлы түсініктің де болуы маңызды. Алайда бұл да инвестицияны талап етеді. Ресми статистика бойынша да, нарық субъектілерінің сезінуі жағынан да соңғы жылдары етті мал шаруашылығын дамытуда айтарлықтай ілгерілеу жасалғанын сеніммен айтуға болады», - деп атады ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рахим Ошақбаев.

ҰКП төрағасының орынбасары сонымен қатар ресейлік валюта девальвациясына орай баға саясаты ахуалына түсінік беріп кетті.

«Девальвацияға дейін ресейлік ет импорттаушылар қазақстандық өндірушілер үшін бір рубльға 4,5-5 теңге бағамы бойынша ұсынған баға  біршама тартымды болған еді. Қазір рубль бағамы 2,5-3 теңге қатынасында тербеліп тұрғанын ескере отырғанда, бұл баға тартымды емес. Ол өтімділік шегінде ғана деуге болады. Бүгінде өндірушілерді бір келі етке 300 теңге болып берілген субсидияның болуы ғана құтқарып отыр – бұл олардың қалай болмасын теңгерімді ұстауына мүмкіндік береді» - дейді Рахим Ошақбаев.

«Алайда жалпы алғанда, қазірде мал жемдейтін алаңдар иелері мен етті қайта өңдеушілер – аса ірі компаниялар көшбасшы болып отыр. Әрине, олардың сатулары өздері бизнес-жоспарларында жоспарлағаннан 30-40%-ға төмен. Сондықтан да қазірде ет өндіру және экспорттау бойынша мәлімделген көрсеткіштерді жүзеге асыруға кедергі келтіретін жалғыз түйткіл – бұл күтпеген жерден болған рубль девальвациясы».

Басқарма төрағасының орынбасары Ұлттық палатаның бұл түйткілді былтырғы жылдың қыркүйек айынан бері бірнеше мәрте көтеріп келе жатқанын айтты.

«Қазір біз Ресейдің өзінде инфляциялық өзгерістер болады деп сенеміз, бір жағынан, бағамды түзетудің белгілі бір саясаты не нарықты қорғау үшін өтемақы орын алуға тиіс» - деп түсіндірді Рахим Ошақбаев.

ҰКП төрағасының орынбасары нарық субъектілерінің Ауыл шаруашылық министрлігі мен «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ жүргізген саясат пен жұмыс көлеміне жағымды баға беріп жүргенін атап өтті.

«Мұндай жоспарлардан қандай жағдайда да бас тартуға болмайды. Тіпті, былтырғы жылы мәлімделген ондаған мыңның орнына ресейлік нарыққа жасалған экспорт көрсеткіштерінің 7-9 тонна етті құрағанына қарамастан. Дегенмен де, бұл бағдарламаны сәтсіздікке ұшырады деуге болмайды. Біз дәл сол инфрақұрылымдық әлеуеттің, инвестициялардың әсер беріп жатқанын көріп те отырмыз. Биылғы жылы бәсекеге қабілеттілікті көтеру үшін макроэкономикалық өзгерістерді күтеміз», - деп қорытты Рахим Ошақбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер