astana-view

Индустриялық жобаларды патронатқа беру

2015 жылғы 18 Наурыз
- Маңғыстау облысы
11295 просмотров

Тимур Құлыбаев: ҰКП өңірлік индустрияландыру картасы жобалары пулын қалыптастырып, оларды қамқорлығына алады.

ҰКП өңірлердегі өнеркәсіптің басымдылықты салаларында жобаларды жүзеге асыруда бизнесті қолдауға дайын екендігін мәлімдейді. Палата жаңа кәсіпорындарды құру үшін қаржыландыуды тартумен кадрларды даярлау мәселелерінде және әрекет ететіндерді кеңейтуде көмектеседі. Бұл туралы ҰКП Төралқасының Төрағасы Тимур Құлыбаев Ақтауда өткен Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің отырысында мәлімдеді.

- Сауалдардың алғашқы шоғыры әртараптандыру мәселелеріне байланысты болды. Елбасының өз бағдарламасында бес басымдылықты бағытты белгілеп бергенін білесіздер. Маңыздыларының бірі әртараптандыру болып табылады. Бізде республикалық деңгейдегі Индустрияландыру картасына енетін ірі жобалар бар екені түсінікті және қазірде біздің міндетіміз әкімдіктермен бірге индустриялық бағдарлама өңірлік картасы жобаларының пулын қалыптастыру. Біз, ҰКП ретінде, жаңа кәсіпорындар үшін қаржыландыруды, кадрларды даярлауды, әрекеттегі бизнесті кеңейтуді ұйымдастыруға көмектесу үшін қосыламыз. Маңғыстау облысының өңірлік картасында болатын ҮИИДМБ-2 жаңа жобаларын «тіркеуге», бақылауға және патронатқа алу қажет. Егер өңірдегі жұмыспен қамтылуды қамтамасыз ететін өтелімді жобалар болатын болса – мұндай жобаларды қолдаймыз. Ықпалшаралар салдарынан рубль бағамы күрт құлдырап кетті, Әзербайжанда да манат бағамы күрт төмендеді, сәйкесінше, мұның Маңғыстау өңіріне де берер белгілі бір әсері бар, - деп бастады отырысты Тимур Құлыбаев.

Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаевтың айтуынша, екінші бесжылдықта жалпы құны 2,8 млрд теңге болатын екі жаңа жоба ашылмақшы. Бұл дегеніміз, екі жүзден астам адам тұрақты жұмыс орнына ие болады деген сөз. Географиялық тұрғыдан Қазақстандағы жалғыз теңіздің жағалауында орналасқан Маңғыстау облысы инвесторлар үшін де, бизнесмендер үшін де біршама тартымды. Сондықтан да мұнай саласында ғана емес, туризмде де, ауыл шаруашылығында да табысты бизнесті дөңгелетуге болады.

- Қазақстанның негізгі экспорттық тауары мұнай бағасы күрт төмендеп кетті. Украинадағы дағдарыс Ресейге қатысты ықпалшараларға алып келді. Осы оқиғалармен бір уақытта біз 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕАЭО-ға кірдік. Және де бүгін бизнестің басындағы түйткілдерден шығуды талқылау үшін кездесіп отырмыз. 2015 жылғы негізгі 9 міндетті талқылағанымызды атап өткім келеді. Осы 9 жұмыс бағытын қалайша қалыптастырдық? Бұл бизнес-қоғамдастықтың өзі қойып отырған сауалдар, олар әлі күнге дейін шешімін тапқан жоқ. Әкімшілік кедергілер, мемлекеттік бағдарламалар тиімділігінің сапасын көтеру, білім беру, мемлекеттік сатып алулар мәселелері. Осы мәселелер блогын жинақтадық және барлық мәселелер заттық сипатта, - деп мәлімдеді отырыс барысында Тимур Құлыбаев.

Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев Ақтауда өткен отырыс кезінде ҰКП-ға жергілікті бизнеске көрсеткен ерекше назары мен көптеген түйткілдерді жылдам шешкені үшін алғыс айтты. Жер қойнауларын пайдаланушылар атынан ол Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жүгініп, олардың мұнайға деген экспорттық бажды жою туралы өтінішін жеткізді.

- Бізді толғандырып отырған мәселе – бұл ірі жер қойнауларын пайдаланушылар үшін салық жүктемесін төмендету. 2015 жылғы 1 наурыздан бастап экспорттық кедендік баж мөлшерлемесін бір тонна үшін 80-нен 60 долларға дейін түсіру туралы шешім қабылданғаны белгілі, алайда есеп-қисаптар көрсетіп отырғандай, бұл шара кәсіпорындардың шығынсыздық нүктесіне шығуына мүмкіндік бермейді және сәйкесінше жұмысшылардың мәжбүрлі босатылуына, сервистік компаниялар үшін тапсырыстардың төмендеуіне алып келеді. Қарапайым үйлесім доллармен есептегендегі мұнайдың бір баррелі үшін бағаның 60 долларға дейін түскенін, ЭКБ мөлшерлемесінің төмендеуі салық жүктемесінің екі долларға ғана азаюына алып келгеніне куә болып отыр. Бұл бір тонна үшін 20 доллар. Бүгінде барлық компаниялар өз табыстылығын нөлге дейін әкеліп, ЭКБ өзгертілген мөлшерлемесін ескере отырып өз бюджеттерін қайта есептеп, оған өзгертулер енгізді, - деп мәлімдеді өңір әкімі.

Мұнай компаниялары ЭКБ дәл осы нөлдік мөлшерлемесінде операциялық қызметті және мердігерлер үшін тапсырыстарды штат пен еңбекақы қорын қысқартусыз қамтамасыз ете алады. Облыс әкімі ҰКП-ға жер қойнауларын пайдаланушылар ұсынысын қолдау және осы мәселені Қазақстан Үкіметіне жеткізу өтінішімен жүгінді.

Маңғыстау облысында индустриялық-инновациялық жаңарту мемлекеттік бағдарламасының екінші фазасы аясында ұлттық мұнай-сервистік кластер құрылатыны мәлімденді. ҰКП және Энергетика министрлігі – жоба үшін жауапты. Ақтауда өткен жиналыста өңір әкімі осы жобаны жүзеге асыруды жылдамдатуды сұрады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер