astana-view

Біздің құқымыз

2015 жылғы 19 Наурыз
3451 просмотров

Қазақстандық құрылысшылар КО реттемесінің бірқатар даулы нормалары бойынша өз ұстанымын қорғап қалды.

Биылғы жылдың 6 наурызында Мәскеуде Техникалық реттеу, санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық шараларды қолдану жөніндегі консультативтік комитет жанындағы Құрылыстағы техникалық реттеу мәселелері жөніндегі кіші комитеттің кезекті отырысы өтті. Іс-шара мақсаты – «Ғимараттар мен құрылыстар, құрылыс материалдары мен өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы техникалық реттемесінің тұжырымдамасы жобасын даярлау бойынша қорытынды жұмыстар.

Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан отырысқа ҚР ҰКП Техникалық реттеу департаментінің директоры С.Ю.Радаев, «Базис-А» басқарма төрағасы, ҚР ҰКП Құрылыс, құрылыс материалдары өндірісі және ТКШ комитеті төрағасы А.Я. Белович, KAZGOR Жобалау академиясы Бірінші Вице-президенті, ҚР ҰКП Құрылыс, құрылыс материалдары өндірісі және ТКШ комитетінің мүшесі М.Ж. Жаманқұлов қатысты.

Отырыста «Ғимараттар, құрылыстар және құрылыс материалдары мен өнімдері қауіпсіздігі туралы» КО техникалық реттемесінің бірқатар даулы нормалары бойынша қазақстандық тараптың ұстанымын қорғап қалуға қол жеткізілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер