astana-view

Польшадан келген жеміс қорғауға алынды

2015 жылғы 19 Наурыз
3566 просмотров

Үстіміздегі жылдың 12 нарызында palata.kz сайтына шыққан «Алма үсіп қалды (Қазақстанға арналған польшалық алма ресейлік кеденде тұрып қалды)» деген материалда қозғалған тақырып жалғасын тапты.

Қазақстандық тасымалдаушы бизнесмендердің Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасына Ресей Федерациясы Кеден қызметтері лауазымды тұлғаларының әрекетіне шағыммен жүгінгенін еске саламыз.

Қаңтар айында Польшадан Қазақстанға транзитпен келе жатқан алма тиелген автомашиналар тауарлары түсіріліп, толық кедендік тексеріске ұшырайды. Тексеріс ресейлік үш бекетте ресейлік және Кеден одағы елдерінің ұлттықтың үстіндегі заңнамасын аса өрескел бұзумен жүргізіледі. Жеміс ресейлік кеденде төрт-алты тәулік бойы тұрып қалып, Қазақстанға тауардың бір бөлігі бұзылған күйде жетеді.

Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевқа хат жазып, қалыптасқан жағдайда жәрдем көрсетуін сұрап жүгінді.

Жауап та көп күттірмеді. Бірінші вице-премьер Қаржы министрлігі, Ауыл шаруашылық министрлігі және Ұлттық экономика министрлігі басшыларына Ресей Федерациясы Федералдық кеден қызметімен Ресей аумағы арқылы өнімді тоқтаусыз тасымалдау жөніндегі бұрындары қол жеткізілген келісулерді жүзеге асыру туралы мәселені жүйелік тұрғыдан пысықтауға және осы жылдың 30 сәуіріне дейін нәтижелер жайлы баяндауға тапсырма берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер