astana-view

Маңғыстау бизнесмендері Ұлттық кәсіпкерлер палатасының әкімшілік кедергілер түйткілін шешіп беруін сұрайды

2015 жылғы 18 Наурыз
- Маңғыстау облысы
11688 просмотров

Маңғыстау облысының кәсіпкерлері ҰКП Төралқасының Төрағасы Тимур Құлыбаевқа төрешілдік түйткілдерді шешуде көмектесуді сұрап жүгінді.

Палатаның Өңірлік кеңесі отырысының барысында облыс бизнесмендері салмақты кедергілер жайлы сөз қылды.

Мысалы, өңір кәсіпкерлерінің кеме жөндеу кәсіпорнын ашуға талпыныс жасап жүргеніне бірнеше жыл болыпты. Бизнесмендердің өздері мәлімдегендей, бұл жоба «БРК-Лизингте» мақұлданған екен. Және де былтырғы жылы ол бойынша кредит беруге шешім қабылданады. Алайда бизнесті бастауға деген қаражат сол күйі түспейді де, кемені жөндеу шетелде жалғастырылады.

«ҚазАзот» ЖШС жағдайы да мәз емес. Кәсіпорын азот тыңайтқыштар шығарады, ал бүгінде оның ресейлік өнімдермен салыстырғандағы бәсекеге қабілеттілігі рубль құлдырауы салдарынан айтарлықтай төмендеп кеткен. Ресейден импортталатын тыңайтқыштар бір тоннасы үшін 700 доллар шамасында жіберіледі, ал отандық тауар өндірушінің тыңайтқышы бір тонна үшін 1200 доллардан.

Тағы да бір кәсіпорын түйткілді бастан кешуде. Сонау 2010 жылы Елбасының тапсырмасы бойынша салынған «АрселорМиталл Ақтау» құбыр зауыты. Зауыт өкілдері кездесуде мәлімдегендей, бүгінде мұнай-газ нарығына құбыр өндіру және жеткізу 25 пайыздан аспайды. 2012 жылы бұл түйткілге Қазақстан Президенті назарын аударып, оның тікелей тапсырмасынан кейін ғана, бизнесмендер «ҚазТрансОйл» және «Интергаз Орталық Азия» ұлттық компанияларына жолданады. «Алайда келіссөздердің жүргізіліп жатқанына бес жылдың жүзі болған, ал ұлттық компаниялардан тапсырыс түсер емес», - деп мәлімдеді құбыр зауытының жұмысшылары.  

- Сіздер шиыршық жапсарлы құбырлар шығарасыздар, ал оларға тік жапсарлы құбыр керек болар? – деп нақтылады кездесуде Тимур Құлыбаев.

- 2010 жылы «ҚазМұнайГаз» осындай талапты алға тартқан еді. Алайда бүгінде онда «Бейнеу-Бозой-Шымкент», «Қазақстан-Қытай» сияқты жобаларда шиыршық жапсарлы құбырлар қолданылуда. Онда 70-80 пайыз – бұл шиыршық жапсарлы құбырлар, – деп сендірді бизнесмендер. Құбыр зауытының өкілдері ҰКП-ның созылып кеткен түйткілді шешуде көмек көрсетуін сұрады.

«Ақтау Халықаралық әуежайы» АҚ басшылығы кездесуде авиабағыттарға тең қолжетімділіктің жоқтығы, валюталық тербелістерге тәуелділік және нарықты монополиялық реттеу жайлы мәлімдеді. Осының барлығы олардың жұмысында салмақты қиындықтар туғызады. Әуежай жұмысының өзі бірегей болып шықты. Онда жақында ғана сенімгерлікпен басқару және МЖӘ – екі шарт аясында қалпына келтіру аяқталыпты. ҰКП айтылған түйткілдерді тіркеп қана қоймай, қызығушылық тудыратын тәжірибе жағын да сұрастырды.

- МЖӘ әріптестік формасы – меншіктің сәтті формасы бола алды ма? Әуежайды басқару бұрынғыдан ыңғайлырақ па? Бұл қағидатты басқа облыстарда таратуға бола ма? – деген Тимур Құлыбаевты қызықтырған сауалдар легі осындай болды.

- Жолаушылардың көңілінен шыққаны жүздерінен көрініп тұр. Біздің клиенттер – авиатасымалдаушылар да қанағаттанды. Алайда бізде ағым мен көлем құлдырап отыр. Өкінішке орай, батыс өңірге шетелдік және ұлттық тасымалдаушылар жіберілмейді, - деп мәлімдеді әуежай өкілдері. 

- «Air Astana»-мен арада үнемі осы түйткіл алдан шыға береді. Олар монополистер ғой. МЖӘ-нің жұмыс жасап кеткеніне қуаныштымын, және де біз мұны басқа да салаларда қолдана аламыз. Біз сіздердің түйткілдеріңізді түсіндік, - деп мәлімдеді отырыста Тимур Құлыбаев.

Кездесу барысында маңыздылығы жөнінен кем түспейтін басқа да мәселелер талқыға түсті. ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы кездесуді аяқтай келе аталған түйткілдерді бақылауға алуға уәде берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер