astana-view

Түркістанда бизнес үшін барлық жағдай жасалған

2015 жылғы 21 Наурыз
4492 просмотров

ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапарының аясында Түркістан қаласында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын ашты. 

700 шаршы метрден астам аумақты алып жатқан екі қабатты ғимаратта жер қатынастары жөніндегі, кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі, ауыл шаруашылығы және құрылыс жөніндегі мемлекеттік органдар мамандары, сонымен қатар өңірлік кәсіпкерлер палатасы, банктер мен қаржы институттарының өкілдері жұмыс жасайды. Осылайша, өңір кәсіпкерлері үшін барлық қызметтер бір орында, «бір терезе» қағидаты бойынша және мүлдем тегін ұсынылады.

Мұнда әрекет етуші және әлеуетті кәсіпкерлерге бизнес-жоспарлар дайындауға көмек беріледі, сонымен қатар мемлекеттік қолдау шаралары жайлы түсініктер беріп, қаржы қаражатын алу кезінде сүйемелдеу қамтамасыз етіледі және т.б. Кәсіпкерлікті қолдау орталығында барлығы 20 қызмет түрі көзделген: заңгерлік, бухгалтерлік, кедендік, салық және басқалары.

Сонымен бірге, ісін бастаушы кәсіпкерлерге іскерлік жоспарлау, менеджмент, маркетинг негіздерін қоса, бизнес жүргізу бойынша оқыту бағдарламалары ұсынылады. Міндетті бағдарламада тәжірибелік сабақтар мен әрекеттегі кәсіпорындарға барумен шеберлік сабақтары жоспарланған. Дәл осы КҚО ғимаратында бизнес-мектеп те орналасқан. Онда өңірлік палатамен бірге кәсіпкерлерді қолдаудың бейқаржылық шаралары жүзеге асырылатын болады.

Тимур Құлыбаев «Түркістанда бизнесті қолдау және дамыту үшін барлық жағдай жасалғанын» атады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер