astana-view

Жемқорлыққа жол жоқ!

2015 жылғы 19 Наурыз
4225 просмотров

Астанада Қайырбек Сүлейменовтың төрағалығымен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы Қоғамдық кеңестің екінші отырысы өтті. 2025 жылға дейінгі Сыбайлас жемқорлыққа қасы стратегия және «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Бағдарламасы шараларын кезең-кезеңмен жүзеге асыру мәнмәтінінде Қоғамдық кеңес жүргізген жұмыс нәтижелері талқыланды.

Отырыс Парламент депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бөлімшелерінің басшылары қатысуымен өтті.

Қайырбек Сүлейменов Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өткен күннен бері елімізде қазақстандық қоғамның жақын жылдар мен онжылдықтарда дамуының нақты бағытын белгілеп берген бірқатар басты оқиғалар орын алғанын атап өтті. Атап айтқанда – «2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның» қабылдануы, үстіміздегі жылдың 11 ақпанында Президент қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысы және «Нұр - Отан» партиясының XVI съезі. «Елбасымыздың «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» Жолдауында белгілеген міндеттері – халық алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындау – біз үшін анықтаушы болып табылады. Және де консультативтік-кеңесу органы ретіндегі Қоғамдық кеңес міндеті – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды жетілдіру және мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапалы деңгейін көтеру жағынан мемлекет пен халықтың кері байланысын қосымша қамтамасыз ету».

Басқарма Төрағасының орынбасары Рахим Ошақбаев Қоғамдық кеңеске 2014 жылы Агенттіктің тапсырысы бойынша ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүргізген 40 мемлекеттік қызметті көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелерін хабарлады: «Респонденттердің жалпы санынан 35,4% көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасына кәсіпкерлердің жалпы қанағаттанбауын көрсетіп отыр. Қоғамдық мониторинг қорытындысы бойынша, 74 лауазымды тұлға жазаланып, 19 мемлекеттік қызмет стандартына өзгертулер енгізілді».

Рахим Ошақбаев сонымен қатар Ұлттық палатаның қазіргі күнде мемлекеттік қызмет көрсету сапасы және олардың Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікке әсерін бағалау бойынша ақпарат жинау, жүйелеу, талдау және жалпылау бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын айта кетті. Бұл жұмыстың мақсаты аталмыш саладағы әкімшілік кедергілерді, мемлекеттік қызметкерлер тарапынан процедуралық және субъективтік бұзулардың болуын анықтау және мемлекеттік қызмет стандарттары мен реттемелеріне оларды оңтайландыру үшін өзгертулер енгізу бойынша ұсыныстар дайындау болып табылады.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, «Нұр Отан» партиясымен және үкіметтік емес ұйымдармен әрекеттестікте жемқорлықты қабылдаудың Ұлттық Индексін дайындау Жөніндегі Агенттік пен Қоғамдық кеңестің бірлескен іс-шараларын өткізуді көздейтін шешім қабылданды. Іс-шаралар деректері Президентке жасалатын сыбайлас жемқорлық ахуалы жайлы Жыл сайынғы баяндамаға негіз болуға тиіс.

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ертеңгі күні өтетін брифингінде жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижелері жарияланбақшы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер