astana-view

Аджария қазақстандық инвесторларды күтуде

2015 жылғы 31 Наурыз
3198 просмотров

Қазақстандағы «Эйр Астана» авиакомпаниясы туристік ағымды ұлғайту үшін «Астана – Тбилиси – Астана» тұрақты авиасапарын биылғы жылдың маусым айында ашуды ұйғарып отыр. Бұл туралы елордалық Кәсіпкерлер палатасының бастамасымен өткен Астана-Батуми бизнес-форумы кезінде белгілі болды. Екі елдің бизнесмендері бұл авиабағыттың үлкен табысқа ие боларына сенімі.

Қазақстан және Аджар автономды республикасының бизнесмендері отырыс барысында өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқыға салды. Грузияның Қазақстандағы Елшісі Зураб Патарадзе мәлімдегендей, Грузия сауда саласындағы өңірлік хаб болуды мақсат тұтады.

"Грузия шетелдік бизнесмендерге жағымды жағдай жасайды, инвесторларға өңірдегі ең үздік мемлекеттік қызметтер ұсынылады. Біздегі салық жүйесі жеңілдетілген және инфрақұрылым да жылдам дамуда. Сот төрелігінің тәуелсіз жүйесіне еркін қолжетімділік, қаржылық тұрақтылық орын алған", - деп сендірді елші.

Дипломаттардың ойынша, "Астана-Батуми" бизнес-форумы кәсіпкерлермен белсенді іскерлік байланыстардың белсенді түрде жөнге салынуына және кеңейтілуіне сеп болмақшы. ҚР Үкіметі де осы пікірге ортақтасады. 

"Бізге сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықта серпін қажет. Берік бизнес-байланыс орнату үшін, форумның барлық қатысушыларын белсенді және өнімді жұмысқа үндеймін", - деп мәлімдеді ҚР инвестициялар және даму жөніндегі бірінші вице-министрі Жеңіс Қасымбек.

Сонымен қатар, "Атамекен" ҚР ҰКП Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы өкілдері де екі ел арасында экономикалық және инвестициялық байланыстардың нығаюын қолдайды. Ұлттық палата сарапшылары Қазақстан үшін грузиндік нарықтың қызығушылық тудыратын тұстарын сөз қылды.

Олардың деректеріне сүйенсек, Батуми портында қазақстандық кәсіпкерлер бизнесін табыспен дамытуда. Қазақстандық тур операторлар, қонақ үй бизнесінің қызметкерлері соңғы жылдары Грузияға ерекше қызығушылық білдіруде. Қазақстандық бизнесмендер мәлімдегендей, осы тұрғыдан алғанда,  Аджария үлкен тартымдылыққа ие.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер