astana-view

ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы

2015 жылғы 30 Наурыз
4827 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға байқау өткізілетіні жайлы хабарлайды.

Биыл үздіктер үш номинация бойынша таңдалмақшы – «Өндірістік нысанадағы ең үздік кәсіпорын», «Халыққа арналған тауарлар шығаратын ең үздік кәсіпорын» және «Ең үздік қызмет көрсетуші кәсіпорын».

Президенттің «Алтын сапа» сыйлығы өнім мен қызмет сапасы саласындағы кәсіпорынның салмақты нәтижелері үшін, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткені үшін, сонымен қатар сапа менеджментінің жоғары сапалы әдістерін табыспен енгізгені үшін табысталады.

Әрбір номинация бойынша мына санаттар бойынша екі сыйлықтан беріледі:

1. ірі кәсіпкерлік субъектісі;

2. орта кәсіпкерлік субъектісі;

3. шағын кәсіпкерлік субъектісі.

Сыйлық алу үшін байқауға қатысушы атану оңай іс. Байқау ұйымдастырушысына 2015 жылғы 1 шілдеге дейін қатысуға өтінім берсеңіз – жетіп жатыр.

Биылғы жылдан бастап, ҰКП сондай-ақ «Қазақстанның ең үздік тауары» республикалық байқау-көрмесінің де ұйымдастырушысы болып отыр. Онда байқау үш номинация бойынша жарияланған:

«Өндірістік нысанадағы ең үздік тауарлар»;

«Халыққа арналған ең үздік тауарлар»;

«Ең үздік азық-түлік тауарлары».

Байқауға мына заңды тұлғалар немесе жеке кәсіпкерлер қатыса алады:

- Қазақстан Республикасы аумағында өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларын және өндірістік-техникалық нысанадағы өнімдерді өндірушілер (қару-жарақ пен әскери техника өндірісін қоспағанда);

- байқауды ұйымдастырушы растаған өнім сапасының тұрақты жоғары деңгейін қамтамасыз ету және оны жүйелі түрде жақсартып отыру жөнінен жағымды нәтижелерге ие өндірушілер.

Жеңімпаздарға «Қазақстанның ең үздік тауары» марапаты және әрбір номинациядағы І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар табысталады.

Байқау дипломанттары байқау эмблемасын төрт жыл бойы жарнамалық мақсатта қолдану құқығын иеленеді.

Консультациялар үшін: 

+7 (7172) 919 345, 919 344 
E-mail: s.korenev@palata.kz
www.altynsapa.kz

Еншілес ұйымдар

Серіктестер