astana-view

Денсаулық сақтау министрлігі мен ҰКП дәрі бағасын ұстап тұр

2015 жылғы 30 Наурыз
3514 просмотров

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен отандық фармацевтер емдік дәрі-дәрмектер бағасының өсуін ұстап тұруға келісті.

Тараптар мұндай келісімге ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен фармацевтикалық қауымдастықтар арасында Қазақстанның фармацевтикалық нарығындағы өндірушілер, дистрибьюторлар мен дәріхана ұйымдары өкілдері бастамалаған меморандумға қол қою барысында келген болатын.

 

Еліміздегі басты медициналық ведомство мен фармацевтикалық сектордың бизнес-қоғамдастығы бұдан былай, ең алдымен, халықтың әлеуметтік әлсіз топтары – зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар, балалар мен жүкті әйелдерге дәрі-дәрмектер мен медициналық нысанадағы өнімдердің бұрынғы (инфляцияға дейінгі) бағамен берілетіні жайлы келісімге келді. Жеңілдікті тізбеде – халықтың осы санаты біршама көп талап ететін дәрі-дәрмектер.

Осы кездесу аясында тараптар арасында сонымен қатар міндетті медициналық сақтандыру және денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің пилоттық жобаларын жүзеге асыру мәселелерін бірлесе талқылау бойынша мәмілелерге қол жеткізілді.

Аталмыш меморандум аясындағы емдік дәрі-дәрмектер және медициналық нысанадағы өнімдер тізбесімен мына жерде танысуға болады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер