astana-view

Маңғыстау наны

2015 жылғы 06 Сәуір
3620 просмотров

Маңғыстау бизнесі қазақстандықтарды саяси белсенділікке шақырады.

Қазақстанның теңіздегі астанасы – Ақтау қаласының бизнес-қоғамдастығы «Әкімнің дауысы маңызды!» науқанын қолдайды. Нан-тоқаш өнімдерін өндіру жөнінен өңірдегі көшбасшы – «Maga-Bread» ЖШС өнімін қазақстандықтардың өз конституциялық сайлау құқықтарын орындауға түрткі болатын арнайы стикерлермен таңбалауға дайын екендіктерін мәлімдеді. Ақтау қалалық мәслихатының депутаты әрі Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі болып табылатын «Maga-Bread» ЖШС басшысы Мұрат Сауғабаев президент сайлауына қатысу Қазақстан Республикасы әрбір азаматының парызы деп санайды.

«Maga-Bread» ЖШС еліміздегі ашытқы қамыр әзірлеуден бастап дайын өнім шығарғанға дейінгі нан пісіру процесі толығымен автоматтандырылған және заманауи компьютер технологиясымен басқарылатын аз ғана кәсіпорындардың бірі. Нан зауыты тәулік сайын 30 тоннаға жуық нан-тоқаш және кондитер өнімдерін өндіреді. Өндірілетін өнім сұрыпталымы жүзден астам түрден тұрады: мұнда Бірінші және Екінші сұрыпты «әлеуметтік» нан да бар, емдеу-сауықтыру наны, батондар мен тоқаштар, сондай-ақ сүтке иленген және қаттама қамырдан пісірілетін кондитерлік өнімдер де осында. Нан зауыты қызметкерлерінің саны 170 адамды құрайды.

«Ұлттық палатаның науқанын қолдап-қуаттаймыз. Сатып алушыларымыз ҰКП логотипі мен «Әркімнің дауысы маңызды» слоганы бейнеленген стикерлерге міндетті түрде назар аударады деп ойлаймын. Менің ойымша, сайлауға қатысу – әрбір патриоттың борышы. Барлық тұтынушыларымызды азаматтық борышты орындауға және ҚР Президентін сайлауға келуге үндеймін», - деді «Maga-Bread» ЖШС директоры Мұрат Сауғабаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер