astana-view

ЕАЭО Іскерлік кеңесі құрылады

2015 жылғы 06 Сәуір
3730 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен Еуразиялық экономикалық кеңес Іскерлік кеңесі құрылмақшы.

2013 жылғы 9 сәуірде «Белорусь-Қазақстан-Ресей Бизнес-сұхбатының» аясында Еуразиялық экономикалық комиссия және белорустық-қазақстандық-ресейлік бизнес-қоғамдастық әрекеттестігі жөніндегі Консультативтік кеңес құрылды. Қазақстан Республикасынан бизнес-үйлестіруші «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы болып табылады. Бизнес-сұхбаттың негізгі мақсаты Кеден одағы және Еуразиялық экономикалық кеңістік аясында ынтымақтастық және экономикалық кеңістікті қалыптастырудың өзекті мәселелері бойынша бірыңғай ұстаным дайындау болып табылады.

Консультативтік кеңес ЕЭК және белорустық-қазақстандық-ресейлік бизнес-қоғамдастықтың КО және БЭК қызмет етуінің жүйелік және стратегиялық мәселелері бойынша әрекеттестігін қамтамасыз етуші орган болып табылады. Кеңес бизнес-қоғамдастықтан келіп түсетін, Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіруге бағытталған ұсыныстарын қарайды. Консультативтік кеңес сонымен қатар Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы іскер топтары өкілдерінің форумдарын ұйымдастыру және өткізуге қатысты мәседелерге де жетекшілік етеді. 

Консультативтік кеңес құрамына Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы бизнес-қоғамдастықтары, өнеркәсіптік бірлестіктері, қоғамдық ұйымдары, сондай-ақ ғылыми ұйымдары мен мемлекеттік органдары өкілдері кіреді.

Бизнес-сұхбат құрылған сәттен бері Консультативтік кеңестің төрт отырысы өтті.

2015 жылғы 2 сәуірде Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында бейнеконференция тәртібінде Еуразиялық экономикалық комиссия және белорустық-қазақстандық-ресейлік бизнес-қоғамдастық әрекеттестігі жөніндегі Консультативтік кеңестің Бесінші отырысы өтті («Бизнес-сұхбат»).

Отырысты Консультативтік кеңес Төрағасы Виктор Христенко ашты. Ол өз сөзінде жақын арада VIII Астана экономикалық форумының алаңында Еуразиялық экономикалық одақ Іскерлік кеңесін құру туралы Келісімге қол қою жоспарланып отырғанын, бұл құжат ЕАЭО кеңістігінде интеграциялық процестерді кеңейтуге мүмкіндік беретінін және «Бизнес-сұхбат» базасында құрылатынын атады.

Іскерлік кеңес өз қызметін ЕАЭО аясында сауда-экономикалық қатынастарды, өнеркәсіптік және қаржылық ынтымақтастықтың дамуына жәрдемдесу, ЕАЭО мүше мемлекеттер іскер топтарының арасында тікелей байланыстар мен сұхбаттарды орнату, оларды экономикалық қызметтің түрлі салаларында жан-жақты іскерлік ынтымақтастыққа тарту, іскерлік ынтымақтастық тиімділігін көтеру мақсатында жүзеге асыратын болады.

Іскерлік кеңес Еуразиялық экономикалық комиссиямен, ЕАЭО мүше мемлекеттердің ұлттық мемлекеттік органдарымен, сондай-ақ басқа да мүдделі ұйымдармен әрекеттеседі деп жоспарлануда.

Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы ұсынысты Консультативтік кеңеске қатысушылардың барлығы бір ауыздан қолдады.

«Атамекен» ҚР ҰКП өкілі А.Е. Мәмбеталин қазақстандық бизнестің Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдері жобасын дайындау кезінде қазақстандық бизнестің қатысу механизмдерінің бірі ЕАЭО туралы Шартта және ЕЭК Жұмыс реттемесінде көзделген шешімнің реттеуші әсерін бағалау (РӘБ) процедурасы болып табылатыны жайлы ақпараттандырды.

Жалпы реттеуші әсерді бағалау ЕАЭО аумағында кәсіпкерлікті жүзеге асыру үшін негізсіз шектеулер мен шамадан тыс реттеуді анықтауға және жоюға бағытталады. 2015 жылғы 31 наурызда ЕЭК Алқасы отырысында РӘБ жөніндегі Жұмыс тобы және оның құрамы туралы Ереже жобасы қаралғаны белгілі. ЕЭК РӘБ жөніндегі жұмыс тобы Еуропалық Комиссия тәжірибесін ескере отырып институтталғанын ескере кету керек. Онда 2007 жылдан бері Комиссияның сегіз негізгі бас директораты басшыларынан және Комиссия аппаратының вице-басшысынан тұратын Әсерді бағалау жөніндегі Кеңес (Impact Assessment Board) құрылған болатын (техникалық жұмысты Комиссия аппаратының 13 адамнан тұратын әсерді бағалау жөніндегі бөлімі жүргізген).

Алайда 2014 жылғы 18 желтоқсанда 2015 жылы IA Board Реттеушілік сараптама жөніндегі Кеңес (Regulatory Scrutiny Board) боп қайта құрылатыны жарияланды, оған да екі тәуелсіз мүше қосылады (Еурокомиссия шенеуніктерімен бірге).

ЕАЭО аясында бизнес-қоғамдастық мүддесін таныту және қорғау мақсатында «Атамекен» ҚР ҰКП ЕАЭО бизнес-қоғамдастықтары өкілдерінің ЕЭК реттеушілік әсерді бағалауды жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамына қатысуын бастамалады. Бұл ұсынысты Қазақстан Республикасының Үкіметі, ЕАЭО қатысушы мемлекеттердің бизнес-қоғамдастығы және Еуразиялық экономикалық комиссия қолдады.

ЕАЭО қатысушы мемлекеттер бизнес-қоғамдастығы өкілдерінің жұмыс тобы құрамына қатысуы ЕЭК шешімдерінің дайындалып жатқан жобасы жайлы дер кезінде хабардар болу міндетін шешуге мүмкіндік береді, ЕЭК шешімдері жобасының өзекті редакциясымен (сонымен бірге техникалық реттемелер жобасымен) танысуға, қабылданған шешімдер жобаларының нәтижелеріне мониторинг жүргізуге, сондай-ақ сапасыз шешімдердің күшін жоюға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жұмыс тобының форматы әрі қарай бекіту үшін Одақтың сәйкес органдарының қарауына ұлттықтың үстіндегі құжаттарды шығару кезінде ЕАЭО мүше мемлекеттер бизнес-қоғамдастығы өкілдері пікірінің есебін жүргізуге мүмкіндік береді.

Консультативтік кеңес күн тәртібі аясында мыналар қаралды:

«Еуразиялық экономикалық одақ ішкі нарығы функциялануына бөгет жасайтын өзара өтуге кедергілерді, сондай-ақ тауарлар, қызметтер, капитал мен жұмыс күші қозғалысына қатысты алып қоюлар мен шектеулерді жою төңірегіндегі ахуал жайлы» ЕЭК талдамалық баяндамасы.

Баяндамаға сәйкес, ЕЭК-те қазіргі кезде «Алу және өзге де шектеулер тізімі, сонымен бірге кедергілер, КО және БЭК мүше мемлекеттер нарығына кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің өзара қолжетімділігі тізімі» жасалған.

Жалпы, ЕАЭО мүше мемлекеттер кәсіпкерлік қызметі субъектілері үшін 422 алу, кедергі және өзара өтуді өзге де шектеу анықталған, оның ішінде 71 – ЕАЭО туралы Шартпен жойылды, сонымен бірге өтпелі кезең бойында; 235 – ЕАЭО туралы Шартта алу және шектеу ретінде сақталып қойды; 110 – қосымша пысықтауды қажет етеді.

Бүгінгі таңда «Атамекен» ҚР ҰКП қызметкерлері материалдарды зерттеп-білу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Алайда Талдамалық баяндамада көрсетілген ЕАЭО мүше мемлекеттер кәсіпкерлік қызмет субъектілері үшін алу, кедергілер және өзара өтудің өзге де шектеулеріның көп болуы салдарынан, сарапшыларға баяндаманы зерттеп шығуға уақыт қажет.

Осыған орай, Палата Қазақстан Республикасы бизнес-қоңамдастығы өкілдерінің «Атамекен» ҚР ҰКП атына өзара саудадағы орын алып жүрген кедергілер туралы ақпаратты оларды зерттеу және бақылау мақсатында жолдауларын сұрайды.

«Атамекен» ҚР ҰКП өкілі С.Ю.Радаев Консультативтік кеңес отырысында сонымен қатар «Ғимараттар мен құрылыстар, құрылыс материалдары мен өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» КО Кедендік реттемесі жобасы бойынша қазақстандық тарап ұстанымының негізгі аспектілерін де сөз қылды.

ҰКП ұстанымы мынада болып отыр. Біріншіден, Палата бұл саланың ұлттықтың үстінде реттелуін лайықсыз деп санайды, себебі ЕАЭО мүше мемлекеттердің суверенді аумағы шегіндегі жер телімдеріне тұрақты негізде салынатын ғимараттар мен құрылыстар ортақ өңірлік нарықта айналымға шығаруға арналмаған (яғни елдер арасындағы халықаралық немесе өңірлік сауда нысаны болып табылмайды).

Екіншіден, Палаты ЕАЭО жаңа құрылыс нормалары мен ережелерінің енгізілуін лайықсыз деп санайды, өйткені бұл ЕАЭО туралы Шарттың 52 бабы 3 тармағына қайшы келеді: «Одақтың техникалық реттемесі талаптарын орындау және Одақтың техникалық реттемесі талаптарына сәйкестікті бағалау үшін еркін негізде халықаралық, өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар қолданылуы мүмкін, ал олар болмаған жағдайда (өңірлік (халықаралық) стандарттар қабылданғанға дейін) – Одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық стандарттары».


Еншілес ұйымдар

Серіктестер