astana-view

Енжар болма: таңдау жаса!

2015 жылғы 03 Сәуір
4510 просмотров

Елордалық бизнес қазақстандықтарды «Әркімнің дауысы маңызды!» науқанына қосылуға шақырады.

2015 жылғы 27 наурызда «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бастамасымен ұйымдастырылған «Әркімнің дауысы маңызды!» республикалық науқаны басталғаннан бері алпыстан астам отандық тауар өндіруші оған қолдау көрсеткен екен. 

«Танымал отандық тауар өндірушілерді науқанға қатысушылар қатарынан таба аласыз. Еліміздің тәуелсіздігі жылдары «Астана Өнім» АҚ, «Апрель» ЖШС, «Цесна Астық» АҚ сауда белгілері қазақстандықтардың сүйіспеншілігі мен сеніміне бөленді, олардың өнімі ерекше сұранысқа ие. Науқан 2015 жылғы 26 сәуірге дейін жалғасады, және де мен оған біздің елордалық да қатысатындығына сенімдімін. Себебі еліміздің тағдырына бизнес-қоғамдастық та, қатардағы азаматтар да бей-жай қала алмайды», - деп атады Астана Кәсіпкерлер палатасы директорының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Айтуған Омаров.

«Цесна-Астық» Концерні – басшылығы Ұлттық палатаның өнімдерді арнайы стикерлермен белгілеу жайлы ұсынысына түсіністікпен қараған елордалық кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорын бұлайша белгілеу сайлаушылардың белсенді ұстанымары қалыптасуына сеп болады деп есептейді.

«Біз елордамен және мемлекетімізбен бірге дамып, болашағымызға сеніммен қараймыз. Алға жылжыған сайын қуатты, заманға сай, тұрақты кәсіпорын құруға талпынамыз. Елімізде бейбітшілік пен келісім орнамай оның табыспен дамуы мүмкін емес. Сондықтан да «Атамекен» ҚР ҰКП науқанын толығымен құптаймыз, және де өз үндеуімізді өнімімізді қолданатын тұтынушыларға жеткізбекшіміз», - деп атады «Цесна-Астық» Концерні ЖШС басшысы Илья Мещеряков.

«Цесна-Астық» Концерні республикадағы астықты қайта өңдеуші саланың жетекші кәсіпорны болып табылады. Заманауи технологиялар мен алдыңғы қатарлы жабдықтарды қолдана отырып, компания отандастарымызға ең сапалы өнімдерді ұсынады.

«Астықжан» супермаркетінің сатып алушылары да науқанға қызығушылық танытып, олар сауда орталығы басшысының бастамасына қолдау көрсетті. Астана тұрғыны Юлия Дедова алдағы президент сайлауына орайластырылған науқанды елордалық сайлаушылар назарын аударту бойынша дұрыс қадам деп есептейді. «26 сәуір күні Қазақстан Республикасы Президентін сайлауға өзім міндетті түрде барамын!», - деп мәлімдеді Юлия Дедова.

«Әркімнің дауысы маңызды» науқанына қолдау көрсеткен бизнес-құрылымдар қатарынан «Олимп» клиникалық-диагностикалық зертханалар желісі, сыртқы жарнама дайындау жөніндегі қызметтермен айналысатын «Profi DM» компаниясы және өзінің веб-сайттарында «Әркімнің дауысы маңызды!» промо-ролигі мен науқанның ақпараттық баннерін орналастырған Қазақстандағы ірі «Аll biz» бизнес-порталын кездестіресіз.

Қарлығаш Жүсіпбекова


Еншілес ұйымдар

Серіктестер