astana-view

Президенттік сыйлық – жұмысқа түрткі

2015 жылғы 09 Сәуір
3412 просмотров

«Алтын сапа» президенттік сыйлығының жеңімпаздары үшін жеңілдіктер мен артықшылықтар көзделуге тиіс, деп есептейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстанның Ұлттық тұтынушылар лигасының президенті Светлана Романовская.

Депутат «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз орталығында өткен брифингте сөз ала отырып, «Алтын сапа» байқауында жеңімпаз атанған кәсіпкерлерді ынталандыру шараларын дайындау қажет екенін атады.

«Яғни өз өнімінің сапасын көтеруге аз қаражат жұмсамайтын кәсіпорындарға қандай да бір салық жеңілдіктері, артықшылықтар ұсынылуға тиіс, оларды сондай-ақ, ең құрығанда 4 жылға, тексерістерден босату қажет, себебі «Алтын сапа» сыйлығы – бұл тұтынушылар ғана емес, мемлекет тарапынан да ерекше сенім», - деп түсіндірді Светлана Романовская.

Мәжілісвумен сонымен бірге кәсіпкерлердің де тұтынушыларға мойын бұруға тиіс екенін, яғни адал бизнесмендердің заманы туғанын баса айтты.

«Алкон+» ЖШС басшысы, ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының 2014 жылғы лауреаты Аман Аюпов байқау жеңімпаздары үшін артықшылықтар енгізу туралы ұсынысты қолдай отырып, «президенттік сыйлық – бұдан арғы жұмыс үшін үлкен түркі» екенін атады.

«Шыны жинақтар шығарумен айналысатын компаниямыз нарықта 1998 жылдан бері тіршілік етіп келеді, және де біз шығарылатын өнім сапасын үнемі жетілдіріп отырамыз. Тапсырысшылардың алғысы – бұл бір бөлек дүние, өзіміз де мүмкіндіктеріміз бен әлеуетімізді сәйкесінше бағалаймыз. Алайда болашақ жеңістер үшін жаңа серпін беретін мемлекет тарапынан жасалатын жоғары баға қымбат тұрады деп ойлаймын. Компаниямыздың бүгінгі күні қол жеткізіп отырған межесі жұмыста бұдан да үлкен жетістіктерге жетуімізге итермелейді», - деп қорытты Аман Аюпов. 

Қарлығаш Жүсіпбекова


Еншілес ұйымдар

Серіктестер