astana-view

ҚР ҰКП ӨКІЛДЕРІ МИНСК ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН ЕЭК КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

2014 жылғы 21 Ақпан
9129 просмотров

 

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері ағымдағы жылдың 18-19 ақпанда Минск қаласында Бірыңғай экономикалық кеңістік және Кедендік одаққа мүше мемлекеттердің вице-премьерлерінің деңгейінде өткен Еуразиялық экономикалық комиссиясының Кеңесінің кезекті отырысына қатысты.  

Кездесуге қатысушылар Бірыңғай экономикалық кеңістік және Кедендік одақ аясындағы экономикалық интеграция және өзара әрекеттестіктің өзекті мәселелерін талқылап, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт жобасын (институционалдық, функционалдық бөлігі) қарастырды.  

Аталған іс-шараның мақсаты Кодификациялау шарт жобасының сауда саясаты, техникалық реттеу, өнеркәсіп және агроөнеркәсіп кешені, табиғи монополиялар, көлік және энергетика, бәсекелік саясат, макроэкономикалық саясат, ақпараттық технологиялар мен статистика, салық, валюта саясаты, қаржы нарқы және зияткерлік жауапкершілік сынды бағыттарда ЕЭО қатысушы мемлекеттердің интеграциялық дамуының қарқыны мен перспективаларын анықтайтын принциптерін реттеуші бөлігінің мән-мәтінін талқылау және әзірлеу.

Атап өтетіні, осыған дейін аталған құжат бойынша  ортақ ұстанымды талқылау мен әзірлеуде ҚР ҰКП алаңында кәсіпкерлік сектор, мемлекеттік органдар мен ЕЭК қатысуымен бірқатар отырыстар өткізілген. Осы отырыстар негізінде ҚР ҰКП  БЭК және КО мүше мемлекеттермен келіссөздер жүргізудің базалық принциптері қалыптастырылған.

Кеңес қорытындысы бойынша ЕЭО туралы шарт жобасын 2014 жылдың 3-4 наурызда Астана қаласында қосымша талқылау туралы шешім қабылданды.

Сонымен қоса, отырыс барысында Кодификациялау шарты жобасына қосымша ретінде қосылатын және мемлекеттер ішінде келісімдеу рәсімдерінен өткен Келісімдер жобалары қарастырылды, атап айтқанда Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің қаржылық нарықтарында қызмет етуін жүзеге асырушы талаптар туралы және Одаққа мүше мемлекеттердің капиталдың еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін қаржы нарықтарына арналған жағдайларды қалыптастыру туралы келісімдер, ақпараттар алмасу, оның ішінде құпия ақпараттар алмасу туралы келісімдер.

Отырыс туралы қосымша ақпарат.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер