astana-view

Бизнесте шекара жоқ

2015 жылғы 14 Мамыр
9020 просмотров

ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев форум сыртында журналистерге қазақстандық делегацияның Қытай Халық Республикасына былтырғы жылғы жасаған сапарының нәтижелері жайлы мәлімдеді.

«Былтырғы жылдың соңында Қытай Халық Республикасына жауап сапармен барып-қайттық, онда бірқатар келісімдерге қол қойылды. Сонымен, Оңтүстік Қазақстан облысында үлкен металлургия зауытының құрылысы басталады, ол бір миллион тоннадан астам металл өнімін шығаратын болады. Бұл жай ғана металл сынығын қайта өңдеу емес, бұл ОҚО кен орнында темір кенін өндіру және дайын металл бұйымдарын шығару. Бірқатар келісімдерге қол қойылды, және қытайлықтар Қазақстанға белсенді түрде инвестиция құюға дайын», - деді Нұржан Әлтаев.

Ұлттық палата Басқарма төрағасының орынбасары Батыс елдерінің қазірде белгілі бір қиындықтарды бастан кешіп жатқанын және «олардан Қазақстанға қандай да бір инвестицияларды күту қиын, себебі олар өз түйткілдерін шешуге тырысып жатқанын» атады.

«Қазақстанға белсенді түрде инвестиция салып жатқан елдердің бірі – бұл Қытай халық республикасы. Оның экономикасы жыл өткен сайын нығайып келеді, біз сондықтан да Қытайды бірлескен жобаларды жүзеге асыруға болатын бизнестегі стратегиялық серіктес ретінде қараймыз», -  деп есептейді Ұлттық палата өкілі.

Нұржан Әлтаевтың айтуынша, Қытай Қазақстанмен Еуразиялық экономикалық одақ мүшесі ретінде ынтымақтасуға мүдделі. ҚХР Қазақстанда өз өндірістерін орналастыруға және Ресей Федерациясының нарығына өнімімен шығуға дайын.

Гуандун үкіметі коммерция департаменті бас директорының орынбасары Ма-Хуа баса көрсеткендей, Қазақстан провинцияның маңызды сауда әріптестерінің бірі болып табылады.

«Қазақстан мен Гуандун провинциясының арасында экспорт пен импорт мөлшері жыл сайын ұлғайып отырады. 2014 жылы Гуандун провинциясы мен Қазақстан арасындағы тауар айналымының жалпы сомасы 640 миллион долларды құраған, оның ішінде 490 миллион доллар экспорт үлесінде, импорт – 160 миллион доллар. 2014 жылдың соңында Гуандунда қазақстандық инвестициялар туралы 14 келісім шартқа қол қойылды», - деп атады Қытайдағы бай провинциялардың біріндегі бизнес-қоғамдастық өкілі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер