astana-view

Елордалық бетоншыларға марапат

2015 жылғы 15 Мамыр
- Ақмола облысы
7446 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына «Ақмола-Бетон» ЖШС жекелеген министрліктер алдында кәсіпорынның 10 жылдығы құрметіне бірқатар қызметкерлерді марапаттау туралы өтініш жасауды сұрап жүгінді.

«Ақмола-Бетон» ЖШС 2005 жылдан бері темір-бетонды өнімдер, бетон, ерітінді өндірумен айналысап келе жатқанын атап өту керек. Аталмыш кәсіпорын өнімі Хан-Шатыр, Бейбітшілік және келісім сарайы, Министрліктер үйі, «Әзірет-Сұлтан» мешіті, Бас прокуратура, бірқатар елордалық тұрғын үй кешендері, қонақ үйлер және т.б. маңызды нысандарды салу кезінде қолданылған.  

«Ақмола-Бетон» ЖШС жұмыс жасаған кезең ішінде 904 099 768 теңге сомасындағы салық төлеген, 11 737 553 теңге сомасына демеушілік көмек көрсеткен.

Кәсіпорын қайырымдылықпен айналысады, ісін бастаушы кәсіпкерлерге, ауыл шаруашылығын дамытуға көмектеседі, сонымен қатар халыққа әлеуметтік көмек жасайды.

Биыл кәсіпорын 10 жылдық мерейтойын атап өтпекші. Осыған орай ЖШС басшылығы ҰКП-ның жекелеген министрліктер алдында өзінің жетекші мамандарын салалық марапаттармен (еңбек сіңірген құрылысшы) және грамоталармен марапаттауы туралы өтініш жасауды сұраған еді.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы инвестициялар және даму, ұлттық экономика министрліктеріне үміткерлерді ұсына отырып, «Ақмола-Бетон» ЖШС жетекші қызметкерлерін марапаттау мүмкіндігін қарауды сұрап хат жолдады.

ҰКП өтініші ескерусіз қалған жоқ. Ұлттық палатаға ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Раудың қолы қойылған 10 алғыс хат келіп жетті. Алғыс хаттармен «Ақмола-Бетон» ЖШС қызметкерлері марапатталатын болады.

Алғыс хаттарды қарау 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер