astana-view

Мейрам Пішембаев: «Ұлттық палата екі жыл ішінде 10 жылда жасалмаған жұмысты еңсерді»

2015 жылғы 20 Мамыр
8391 просмотров

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Экономикалық реформа және өңірлік даму жөніндегі комитетінің мүшесі, сонымен бірге, Қазақстан Машина жасаушылар одағының төрағасы  Мейрам Пішембаев «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы басшылығының таңдаған бағытын дұрыс деп есептейді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Экономикалық реформа және өңірлік даму жөніндегі комитетінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы туралы» ҚР Заңының жүзеге асырылуына арналған кеңейтілген көшпелі отырысында ҰКП атына сын айтылды.

Айгүл Соловьева «ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы туралы» Заңының аяқталмай қалған тұстары ҰКП жұмысының тиімділігін айтарлықтай төмендетеді деп мәлімдеді. Депутаттың ойынша, Заңда «Палата қызметінің мәнін айқындайтын белгіленген уәкілеттіктер жиынтығы» сияқты оның құзыреті жазылмаған, функциялар, жауапкершілік және қаржыландыру механизмі дәл осыдан туындайды.

Депутат Палата жүзеге асырмай жүрген функциялар қатарына отандық өндірісті қолдау бойынша және экономика салаларында кадрларды даярлау, қайта даярлау, біліктілік көтеру, кадрларды сертификаттау және аттестаттаудан өткізу, кәсіптік және техникалық білім беру бойынша шараларды жүзеге асыруды жатқызды.

Депутат сонымен қатар ҰКП салалық қауымдастықтармен қарым-қатынастың өзге механизмін (сонымен бірге қаржылық) жөнге салуы қажет деп есептейді, себебі қолданыстағы тәртіп (ҰКП-ның аккредиттелген салалық одақтармен ынтымақтастығы) оларды бағынышты жағдайға қалдырады, және де ҰКП-ның бизнес-қоғамдастықпен кері байланысын қиындатады. Депутат міндетті мүшелік жарналар түйткілін қозғай отырып, Дүниежүзілік Банк қалыптастыратын «Doing Business» рейтингінде аталмыш төлемнің салық ретінде қабылданғанын хабарлады, ал бұл Қазақстанның рейтингтегі жайғасымының төмендеуіне әкелген.

Ұлттық палата тиімділігінің төмендігі туралы тезисін Айгүл Соловьеваның әріптесі – Машина жасаушылар төрағасы Мейрам Пішембаев теріске шығарды.

«Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлер мүддесін танытатын институт ретінде қалыптасқанын атағым келеді. Екі жылға жетер-жетпес уақытта Палата аса зор көлемдегі жұмысты еңсерді. Және де оның ең басты жетістігі – Қазақстанның бизнесін шоғырландыра алды. Іс жүзінде Ұлттық палата екі жыл ішінде 10 жыл бойы істелмеген дүниеге қол жеткізді. Шоғырлану жүрді және ҰКП Елбасы алға қойған елді индустрияландыру міндеттерін жүзеге асыруда маңызды роль ойнайды», - деп атады Мәжіліс депутаты.

Ол ел Президентінің Палатаны құруды бастамалай отырып, мүшелік пен жарна төлеу міндетті болып табылатын Австриялық экономикалық палатаның үлгісін таңдағанын әріптестерінің есіне салды.

«Мүшелік жарнаның салық емес екенін айтқым келеді. Заңнамада кәсіпорын жарнасының олардың салық салынатын базасынан міндетті шегерімдерге жататыны жайлы норма анық жазылған», - деп депутат салыстырудың қателігін көрсетіп өтті.

Депутат салалық қауымдастық басшысы ретінде одақтардың барлығы бірдей тиімділік және легитимділік критерийлеріне жауап бере бермейді деп есептейді, сондықтан да ҰКП-ның аккредиттеуден өту туралы талабы бизнес-процестер тұрғысынан құптарлық іс.

Мейрам Пішембаев сонымен бірге отырыста көтерілген тағы бір тақырыптың маңыздылығы атады. Сатып алу механизмінің тиімсіздігі іскер бәсекелестердің отандық машина жасау өнімін өндірушілерді ығыстыруына әкеліп отыр. Тапсырыс берушінің біліктілік талаптарын белгілі бір нақты өндірушіге шақтап қалыптастыруы басты түйткілге айналуда. Машина жасаушылар одағының басшысы бұл жобаны жасау сатысында орын алады деп есептейді: осылайша, шетелдік жобалаушылар өз серіктестерінің мүддесін көздейді.

Депутат ҰКП өкілдерінің алаңдаушылығын түсінеді және жоба алдындағы сараптаманы күшейтуді ұсынады. Оның ойынша, бұл құқықты қосымша заң актілері деңгейінде «КазЭкспертиза» АҚ-ға беру керек. А неғұрлым тәуелсіз болу үшін, Мейрам Пішембаев аталмыш институт директорлар кеңесінің құрамына Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерін кіргізуді ұсынады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер