astana-view

Қолма-қол ақша

2015 жылғы 20 Мамыр
4493 просмотров

Қазақстанның Қаржы министрлігі Мемлекеттік табыс комитеті төлемдерді қолма-қол ақшамен жүзеге асыруға шектеулер енгізу үшін, сондай-ақ заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін банктегі шоттан қолма-қол ақша алуға шек орнату үшін бірқатар заңнамалық ұсыныстар енгізді. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік табыс департаменті Басқармасы басшысының орынбасары Абзал Байманов брифингте жария етті.

Қаржы министрлігі алынған қолма-қол ақша сомасының айына 3 мың айлық есептік көрсеткіштен аспауын ұсынып отыр; заңды тұлғалар үшін – айына көп дегенде 10 мың АЕК (1 АЕК=1982 теңге).

Қаржыгерлердің ойынша, шектеулер енгізу ақша қаражатын көлеңкелі айналымға шығаруға мүмкіндік бермейді, салық түсімдерінің артуына және қылмыс деңгейінің төмендеуіне сеп болады (себебі қолма-қол ақша – пара беру және бюджет қаражатын жымқыруға негіз).  

Абзал Байманов сонымен бірге Мемлекеттік табыс комитетінің «заңнамалық орган болып табылмайтынын, тек ұсыныс енгізетінін» баса көрсетті.

«Әзірше аталмыш шектеулер енгізілген жоқ. Біз тек ұсыныс енгіздік, білуімше, ол Қаржы министрлігі деңгейінде жатыр», - дейді Абзал Байманов.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер