astana-view

Еуразиялық бірігу

2015 жылғы 21 Мамыр
8977 просмотров

VIII Астана экономикалық форумында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев ЕАЭО елдері Іскерлік кеңесінің жұмыс форматы жайлы мәлімдеді.

- ЕАЭО Іскерлік кеңесі Белорусь, Ресей, Қазақстан ірі бизнес қауымдастықтарының басын қосатын «Бизнес-диалог» алаңын алмастырады. Оған жаңа мүшелер де кеп қосылды, - деп атады Рахым Ошақбаев. – Ол салмақты әсер береді – біз барлық бес елдің шоғырландырылған ұстанымын жасау мүмкіндіктері мен тікелей коммуникацияларға ие боламыз.

Рахым Ошақбаев «жекелеген салаларда объективті бәсекелес бола алатынымызды», алайда «мүддеміздің бір бөлігі ортақ» екенін атады.

«Бұрын ЕАК және «Бизнес-диалог» арасындағы үйлестіру кеңесінің форматы болған еді, қазір ЕЭК және Іскерлік кеңестің екі жақты форматына өзгертеміз», - деді Рахым Ошақбаев. 

ҰКП Басқарма Төрағасы орынбасарының айтуынша, ЕАЭО құру туралы Келісімдегі маңызды жаңалық Мемлекет басшылары деңгейіндегі жыл сайынғы кездесулер туралы норма болып табылады.

«Яғни, біздің пайымдауымызша, Мемлекет басшылары аталмыш іскерлік Кеңесті құру идеясын қолдағандықтан, кем дегенде жылына бір рет барлық бес елдің іскерлік топтары өкілдерімен кездесетін болады. Біз жоғарғы басшылықпен жүздесіп, өз түйткілдеріміз бен арман-мүдделерімізді жеткізу мүмкіндігіне ие боламыз», - деп түйіндеді Рахым Ошақбаев.     


Еншілес ұйымдар

Серіктестер